Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет54/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

Тізбектеу 
әдісі 
деректердің, 
құбылыстардың, 
қасиеттердің, 
белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады.  
Өлшеудің  бұл  әдісі  ретке  келтіру  әрекетіне  негізделген,  яғни  зерттеу 
объектілері  немесе  құбылыстары  белгілі  бір  белгісінің  мөлшерінің  ұлғаюы 
немесе  төмендеуі  тәртібі  бойынша  орналастырылады.  Сандық  тізім  әдісі 
сандық  көрсеткіштерге  сапалық  талдау  жасауға  мүмкіндік  береді.  Орташа 
мөлшерді  анықтау  әдісі  орташа  сандық  көрсеткіштерге,  бағаларға  талдау 


 
94 
жасап,  нәтижелері  мен  оларды  дәрежесі  бойынша  орналастыру,  өзара 
үйлесімдік  коэффициенттерді  есептеу  үшін  қолданылады,  бұл  зерттеушінің 
математикалық  статистика  және  мүмкіндік  теориясы  саласында  арнайы 
дайындығын талап етеді. 
 
Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және 
олардың  теорияны  құрастыруға  ықпал  етуіне  терең  талдау  жасап,  ондағы 
заңдылықтарды  ашуға,  сыртқы  факторларын  түсіндіруге  бағытталған. 
Эмпирикалық  әдістер  объектіні  философиялық  категория  ретінде 
«құбылыс»  деңгейінде  зерттесе,  теориялық  әдістер  «мәні»  деңгейінде 
зерттейді.  Бұл  ретте  екі  әдіс  те  объектіні  танудың  ғылыми  сатысы  болып 
табылады. Онда құбылыс мәннің көрініс фомасы, ал мән тек құбылыста ғана 
көрініс  табады.  Олар  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  бірақ  бір-біріне  ұқсас 
емес.  Құбылыс  мәнге  қарағанда  қозғалмалы  болып  келеді.  Зерттеудің 
теориялық  және  эмпирикалық  әдістері  ғылыми  таным  деңгейлері  ретінде 
бір-бірімен диалектикалық байланысты және бір-бірінсіз өмір сүре алмайды,  
әрі дамымайды. 
 
Ғылыми  танымның  үшінші  деңгейі  ең  жоғары  деңгей  -  әдістемелік 
деңгей.  Танымның  әдістемелік  деңгейі  педагогика  категорияларымен, 
«білмеген  туралы  білімді»  айқындаумен,  ғылыми  педагогикалық  зерттеу 
әдістемесі ретінде белгілі теорияларды қолданумен байланысты мәселелерді 
шешуге  бағытталған,  таным  іс  -  әрекетінің  негізгі  әдестемелік  теориясы 
құрылуда. 
 
Ғылыми  педагогикалық  зерттеудің  жоғарыда  аталып  өткен  әдістері 
таным  іс-әрекеті  құралдарының  ішіндегі  бірігейлері  ғана.  Зерттеудің  бұл 
әдістері нақты зерттеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері. 
 
Педагогикалық  зерттеулерде,  міндетті  түрде,  әр  түрлі  мамандардың 
қатысуын  талап  ететін  кешендік  методика  қолданылады,  яғни  педагогтер, 
философтар,  социологтар,  психологтар,  физиологтар,    дәрігерлер 
қатыстырылады. 
Педагогикалық- ғылыми зерттеудің кешендігі оған ұжымдық сипат 
береді және көңілге қонымды нәтижелер алуға мүмкіндікті қамтамасыз 
етеді. Теориялық зерттеулер ұжымда  да, жекеше де орындалады.  
 
 1- Кесте. Теориялық зерттеу әдістерінің түрлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет