Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет72/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

Ауызша  насихат  –  бұл  мектептердің  педагогикалық  кеңестерінде, 
аудандық  әдістемелік  кабинеттерінде,  мұғалімдердің  білімін  жетілдіру 
институттарында  өткізілетін  арнайы  маслихаттарды,  семинарларды  озық 
тәжірбие  туралы  лекциялар  және  баяндамалар  жасалынып,  оларды  озық 
мұғалімдердің  жұмыстарының  мәні  мен  негізгі  идеяларының  мазмұны 
анықталады.  Қатысушылар  өзара  пікір  алмасып,  оқу-тәрбие  процесін 
жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.  
Баспасөз  насихаты  –  бұл  педагогикалық  теория  мен  практиканың 
саласында  әр  түрлі  формалард  жүргізіледі.  Олрға  психологиялық-
педагогикалық  еңбектер,  ғылыми-әдістемелік  ұсынбалар,  жинақтар  т.б. 
жатады. Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық 
процеске  енгізуде,  әсіресе,  «Педагогикалық  оқулардың»  маңызы  өте  зор. 
«Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған 
және  мақұлданған  жақсы  тәжірбие  оқу  мен  тәрбие  процесіне  енгізу  үшін 
жинақталады және таратылады.  


 
118 
Практикаға  жаңа  бір  нәрсені  енгізу  үшін оқу-тәрбие  жұмысының  озық 
әдістерін біліп қоймай, оларды практикада тыңғылықты игеру қажет. 
Педагогикалық озық тәжірбиені пркатикаға негізудің кейбір жолдары: 
1.  Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалықәдістер, жақсы 
тәжірбиелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең 
талқысына  салып,  ғылыми-әдістемелік  ұсыныстар  түрінде  нақты  шешім 
қабылдау. 
2.  Педагогикалық  озық  тәжірбиен  терең  зертеу  және  оны  оқу-тәрбие 
процесіне  енгізу  үшін,  оны  педагогикалық  еңбектің  шеберлеріне  (  бір-екі 
бастауыш  сынып  мұғалімдеріне,  бір-екі  жоғары  сынып  пән  мұғалімдеріне) 
тапсыру  керек.  Олар  әдістемелік  пән  бірлестігі  жетекшілерімен  бірігіп 
зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогикалық кеңесте бекітіледі. 
3.  Мектеп 
дирекциясы  әдістемелік  кеңеспен  бірлесіп  зерттеу 
жұмысына  басшылық  етеді,  талдау  жасайды.  Әдістемелік  ұсынбаларды 
жинақтайды, оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады. 
4.  Әрбір  мұғалімнің  зерттеу  жұмысы  жүргізіліп  жатқан  сыныптардың 
оқу-тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуына болады. 
5.  Озық тәжірибе педагогикалық практикада өз орынын берік алғаннан 
кейін,  оқу-тәрбие  үдерісіне  жаңа  тәсілдер  мен  әдістерді  енгізу 
қорытындысын  жасау,  оны  мектеп  мұғалімдерінің,  сонан  соң  кең  түрде 
педагогикалық жұртшылықтың талқылауынан өткізу қажет.  
Көптеген  өмірлік  маңызы  бар  күрделі  мәселелерді  терең  зерттеп, 
жинақтау жеке адамның немесе кейбір мектеп ұжымдарының қолынан келе 
бермейді.  Сондықтан  зерттеу  жұмысының  тақырыбын  және  тақырып 
бойынша экспериментті жүргізудің ғылыми-әдістемелік нұсқауларын жасап, 
мектептерге  жіберіп  және  оларға  үнемі  басшылық  етіп  отыратын 
педагогикалық ғылыми-зерттеу мекемелері болуы тиіс. 
Ғылыми-зерттеу  институттары  мектептерде  оқу  бағдарламаның, 
оқулықтардың тиімділігі, оқыту мен тәрбиенің формалары мен әдістері және 
гипотезаларды,  тың  теориялық  ойларды  эксперимент  жүргізу  жолымен 
анықтайды,  тиісті  қорытынды  жасап,  педагогикалық  жұртшылықтың  игі 
ісіне айналдырады. 
Сонымен,  іздену  арқылы  басты  мәселелерді  жете  біліп,  зерттеу, 
жинақтау, оны насихаттау, іске асыру оқу және тәрбие жұмысының онан әрі 
жақсарта  берудің  сарқылмас  көзі.  Бұл  жұмысқа  мұғалім  жұртшылығы 
белсенділікпен қатысып, зор үлес қосуға тиіс. 
Мұғалім  еңбегі  басқа  қызметкерлермен  салыстырғанда,  өзіндік 
ерекшелігі  мол  шығарамашылықты  сүйеді.  Өйткені  жеткіншек  ұрпақты 
өмірге,  еңбек  пен  әлеуметтік  іс-әрекетіне  дайындау  –  мұғалімдерді  көп 
ізгілендіріп,  ойландыратын  жұмыстардың  ең  басты  түрі.  Олай  болса,  әрбір 
мұғалім  орта  немесе  жоғары  дәрежелі  педагогтық  білім  алумен 
қанағаттанып  қоймай,  ол  тәрбие  мен  оқытудың  тиімді  жолдарын  үнемі 
іздестіріп,  өз  жұмысында  пайдаланып  отыруы  тиіс.  Сонда  ғана  мұғалім 
жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен тәжірибесін 
дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады. 


 
119 
Мұғалім  еңбегінің  ғылымға  негізделе  отырып,  белгілі  жүйелікпен 
жүзеге  асырылатыны  айқын.  Мысалы  оңайдан  қиынға,  жеңілден  ауырға, 
нақтылы  түсініктен  абстрактылы  ұғымға  біртіндеп  ауысу  ережелерін  және 
оқушылардың  жасы  мен  дербес  ерекшеліктерін  еске  алмайынша  оқу  және 
тәрбие  жұмысында  белгілі  нәтижеге  жету  қиын.  Сондықтан  мұғалімнің 
алдындағы  басты  міндет  оқушыларды  біліммен  қаруландыра  отырып: 
ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу. 
Ұстаз  бүгінге  ғана  емес,  ертеңге,  болашаққа  қызмет  етеді.  Ол  заман 
дамуынан  артта  қалмастан,  өзін-өзі  жан-жақты  дамыту  үшін  саяси-идеялық 
дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-
күн жетілдіріп отыруға талаптанады. 
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді, 
жоғары  оқу  орындарына  қойылатын  талаптарға  сәйкес  меңгеруі  тиіс.  Егер 
ол  өзінің  теориялық  білімін  өмір  талабына  сай  жетілдіріп  отырмаса,  онда 
жастарды 
жан-жақты 
дамытып, 
тәрбиелеуге 
шамасы 
келмейді. 
Социологтардың 
зерттеу 
мәліметі 
бойынша 
институт 
бітірген 
инжинерлердің  білімі  6-8  жылдардан  кейін  ескіреді.  Ал  мұндай  жағдайды 
болдырмау  үшін  мұғалім  үнемі  ізденіп  жұмыс  істейді.  Сондықтан  оның 
шығармашылық  іс-әрекеттері,  мысалы,  арнаулы  әдебиеттер  мен  пәндік 
журналдарда  жарияланатын  тың  мәселелермен    таныс  болуы,  ғылыми 
семинарлар  мен  конференцияларға  белсене  қатысып  үлес  қосуы  ой-өрісін 
кеңейтеді. 
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірбиені 
заман талабына сай меңгеру  – оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі 
көзі. 
Педагогикалық  үдерісте  озық  тәжірибе  кеңінен  қолданудың  маңызы 
зор.  Өйткені  терең  білім  мен  тәрбие  беру,  педагогикалық  озық  тәжірибені 
зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық 
ісінің жемісі.  
Психология ғылымдарының докторы, профессор Ш. А. Амонашвили 20 
жылдан  астам  алты  жастағы  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  мәселелері 
жөнініде зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сыныптар мұғалімдері үшін  
« Как живете, дети?», « Здраствуйте, дети!» атты құралдарын жазды. 
  Педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.П. Иванов ресейдің 
біраз  мектептерінде  коммунар  әдісін  қолданудың  тиімді  жолдарын 
іздестіруде. 
  Жаңашыл  мұғалім  В.  Ф.  Шаталов  оқыту  үдерісіне  біраз  жаңалықтар 
енгізді. Мысалы: « Ашық ойлар сабақтары», «Десант әдісі», « Тізбек әдісі», 
«Тірек сигналы» және т.б. 
  Қазақстанда 
мыңдаған 
мұғалімдер 
оның 
ішінде 
жаңашыл 
шығармашылықпен  жұмыс  істеп  жүрген  ұстаздар  да  көптеп  саналады. 
Олардың қатарында Алматылық жаңашыл мұғалім А.Ысқақовты, Актөбелік 
М.  Г.  Құрманғалиеваны,  өскемендік  Қ.  Бітібаеваны  т.б.  көптеп  атауға 
болады. 


 
120 
  Осындай  шығармашылықпен  еңбек  етіп,  оқыту  мен  тәрбие 
мәселелеріне  елеулі  үлес  қосып  жүрген  жаңашыл  мұғалімдердің  іс-
тәжірбиесі мектептер үшін зор сүйеніш. 
  Кейбір 
педагог-ғалымдардың 
зерттеу 
мәліметтері 
бойынша 
шығармашылық  тұрғыдан  педагогикалық  міндеттердің  үш  түрін  атауға 
болады. 
  Стратегиялық  (стратегия  –  қандай  болса  да  мақсатқа  жетудің 
басшылық  өнері)  міндеттер  ұзақ  уақытты  талап  етеді.  Мысалы,  мұндай 
міндеттерге  жеке  адамның  дамуы,  тәрбиесі,  қалыптасуы,  оқушыларды 
өмірге еңбекке және олардың өзара қарым-қатынасы және т.б. жатады. 
  Тактикалық  (тактика  –  қандай  болса  да  мақсатқа  жетудің  жолдары 
немесе  әдістері)  міндеттер  жүйесі  арқылы  стратегиялық  міндеттер 
анықталады.  Мысалы,  тәрбиелеу  және  оқушыларды  еңбекке  баулу 
мәселелері  жөнінде  мұғалім  мынадай  тактикалық  міндеттерді  іске  асыруы 
тиіс.  Олар:  оқушылардың  өмірге,  түрлі  іс-әрекеттеріне  көзқарасын, 
белсенділігін, ынтасын өзіндік басқаруының рөлін көтеру және т.б. 
  Оперативтк  міндеттер  –  бұл  іс-әрекеттерін  тікелей  орындау,яғни 
тактикалық  міндеттерден  оперативтік  міндеттерге  көшіп,  мәселелерді 
балалардың қатысуымен дереу шешу. 
  Әрине,  бұл  міндеттерді  оқу-тәрбие  үдерісінде  шешу  мұғалімдердің 
іскерлігіне, тәжірибелілігіне, терең және берік біліміне тәуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет