4.7. Бейматалар өндірісіне арналған тарап-тоқу агрегаттары
және ағынды желілері
Тоқып-тігу әдісімен беймата материалдарын өндіруге арналған
құрал-жабдықтардың құрастыру жұмыстары бойынша тәжірибелі-зерттеу
жұмыстары 1954 жылдан басталды. 1958 жылы машина жасаушылармен
тоқып-тігу әдісімен беймата материалдарын өндіру үшін АЧВ-Ш
агрегатының бірінші сериясы дайындалды. Осыдан кейін АЧВ-1, АЧВ-В
және де басқа агрегаттар құрастырылды.
Текстиль өнеркәсібіне арналған Санкт-Петербургтегі «Вулкан»
машина жасау бірлестігінде шығарылатын тоқып-тігу агрегаттарының
бірнеше түрлері өңделген. Осы уақытқа дейін техникалық сонымен қатар
тұрмыстық белгілеудегі беймата текстиль материалдарының әртүрлі
ассортименттерін шығаратын кәсіпорындарда әртүрлі типтегі 800
агрегаттың түрі шығарылған. Бірақ тоқып-тігу агрегаттарының түрі көп
болғанымен, олардың барлығы бір технологиялық сызбамен жұмыс
істейді, құрылғыларының жұмыс принциптері де бірдей болып келеді.
Бірақ бір-бірінен айырмашылығы тарау машиналарының әртүрлілігі,
сонымен қатар, жеке тораптарының және механизмдерінің құрылымы.
Бірпроцесті әдіспен тоқып-тігу агрегатында беймата материалдарын
дайындау үзіліссіз және автоматты түрде жүзеге асырылады. Сонымен
қатар, мұнда бір уақытта келесі операциялар жүреді: талшықтарды тарау
және біртекті тарам алу; тарамды бірнеше рет қабаттау және талшықты
жайғақты алу; талшықты жайғақты тігу және өңделмеген беймата
материалдарын алу.
12-кестеде әртүрлі тарап-тоқу агрегаттарының салыстырмалы
сипаттамасы көрсетілген.
140
АЧВ-В және АЧВВ-2 агрегаттары мақталы жылы астарларды
өндіруге арналған. Агрегаттың құрамына: ЧВП-600 мақта тарау
машинасы, ПВ тарам түрлендіргіш, шпулярник және ВП-1, 2,5 кл бір
тарақшалы тоқып-тігу машинасы кіреді.
АЧВ-В агрегаты ағынды желі құрамында немесе оның
қоректендірілуі қопсытып-түту агрегаттарымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мұнда жайғақтар мақта өндірісінің қалдықтарынан немесе төменгі сортты
мақтадан өндіріледі.
Аз габаритті жоғары өнімділікті ЧВП-600 мақта тарау машинасы,
ЧМ-450-7, ЧТ-21-Ш және Ч-11-Ш тарау машиналарынан айырмашылығы
-оның құрамында негізгі барабан жұмысшы және түсіру біліктері және
қалпақшалар болмайды, ал талшықты материалды тарау, үлкен
жылдамдықпен айналатын ара тісті екі барабан арасында жүзеге
асырылады.
ЧВП-600 машинасы талшықтары бағытсыз орналасқан тарамдар
шығарады. Бұл жылытатын материалдар өндіргенде өте маңызды болып
табылады. Мұндай талшықты жайғақ, үлкен серпімділігімен, жоғарғы
жылу өткізгіштік көрсеткіштерімен, ең маңыздысы - ол барлық бағытта
тең төзімділігімен сипатталады.
Машинаның мынандай өзіндік ерекшеліктері бар:
1) берілісті немесе негізгі барабанның диаметрі 234 мм (ал
қарапайым машиналарда 1271 мм) және ол тұтас металды таспамен
қапталған;
2) берілісті барабанның үстінде ЦМПЛ №5 қапталған тазалау білігі
орнатылған;
3) түсіру барабаны ЦМПЛ №5 қапталған;
4) түсіру барабанының үстінде №18-20 тазалау таспасымен
қапталған, үзіліссіз білік орнатылған.
Беймата материалдар өндірісінің технологиясын жетілдіру - жоғарғы
өнімділікті тоқып-тігу құрал-жабдықтарын құру негізінде және
өңделмеген тоқып-тігілген беймата материалдарын алуға арналған,
ағынды желі құру мақсатымен технологиялық процестерді агрегаттау
негізінде жүзеге асырылады.
Жаңа жылдам жүрісті тарап-тоқу агрегаттарының тігу жылдамдығы
минутына 1000 тігіске дейін жетеді.
Қопсытып-түту және тарап-тоқу агрегаттарының сериялы
шығаруларының бар болуы, беймата материалдар өндірісінде бүкіл
технологиялық процестерді бір ағынға біріктіретін ағынды желіннің
құрылуына мүмкіндік берді.
141
Ағынды желідегі технологиялық процесс автоматты құрылғылармен
бақыланады, ал қиын операциялар пневматикалық және механикалық
жүйелермен алмастырылған.
ПЛХ-180 ағынды желі вискозалы штапельді ташықтардан жасалатын
беймата материалдар өндірісіне арналған. ПХЛ-180 ағынды желі бойынша
алынатын беймата материалдарын жасанды теріге негіз ретінде, астарлы
материалдар ретінде қолдануға болады.
ПЛХ-180 ағынды желісінің құрамында мынандай құрал-жабдықтар
болады: КР-1 бума қопсытқыш, АПХ-1 екі автоқоректендіргіш, ЧМ-450-7
екі тарау машиналары, ПХ екі тарам түрлендіргіш, екі ВП-180 тоқып-тігу
машиналары, желдеткіш, клапандары және сүзгіштері, пульт және басқару
станциясы бар пневмотасымалдағыш.
Ал автоматтандырылған ағынды желі де әртүрлі қарапайым
желілердің жинақталуы мүмкін.
Бума қопсытқыш бумадан алынатын талшықты қопсытуға
арналған. Бума қопсытқыштың жұмысшы бөлшектерінің қуаты 2,8 кВт
АО-51-6 электрқозғағышынан қозғалыс алады.
Бума қопсытқыш біліктерінің айналу жылдамдығы 700-800
айн/мин. өнімділігі 30-100 кг/сағ. Машинаның габаритті өлшемдері:
жұмысшы ұзындығы – 2500 мм, сабақталуындағы ұзындығы – 3000 мм,
ені – 1800 мм, биіктігі – 2000 мм. Машинаның салмағы – 1500 кг.
АПХ-1 автоқоректендіргіш, талшықты материалмен тарау
машиналарын автоматты қоректендіруге арналған. Автоқоректендіргіште
талшықтарды қосымша қопсыту жүреді.
Автоқоректендіргіш конденсордан, қопсытқыш құрылғыдан,
бункерден және қоректендіру механизмінен тұрады. Конденсордың тор
көзді барабанының диаметрі 540 мм, ал тор көзді барабанның
жылдамдығы – 106 айн/мин. Ұрғылау білігінің диаметрі – 375 мм,
жылдамдығы – 303 айн/мин.
Автоқоректендіргіштің өнімділігі – 30 кг/сағ.
ЧМ-450-7 екі тарау машинасы, ПХ тарам түрлендіргіш және
жылдамдықты тоқып-тігу машинасы АЧВ-180-2 агрегатын құрайды.
БСМ-170
мүкістеу-қабаттау
өлшеу
машинасы,
беймата
материалдарын мүкістеу, өлшеу және қабаттауға арналған. Үстелдің
жұмысшы ені – 1800 мм. Материалдың қозғалу жылдамдығы – 3-18
м/мин. Машинаның жетегі, қуаты 1,0 кВт АОТ-42-6 электрқозғағыштан
қозғалады. Машинаның габаритті өлшемдері: тереңдігі – 2500 мм, ені –
2400 мм, биіктігі – 2390 мм. Машинаның салмағы – 1000 кг.
Желдеткіші,
клапандары
жә
не
сүзгіштері
бар
пневмотасымалдағыш жүйесі келесі бөлімшелерден тұрады: тарап-тоқу
агрегаттарының
автоқоректендіргіштері
бойынша
талшықтарды
142
пневматикалық бөлу; ауаны пневматикалық сору және конденсор-
автоқоректендіргіштен шаңды сору; бөлгіш- клапандар; сүзгіштер.
Механикаландырылған транспорт бума қопсытқыштарға қоймадан
буманы тасымалдауды, тарап-тоқу агрегаттарынан өңделмеген беймата
материалдарының орамын мүкісті бөлімге тасымалдауды, сонымен қатар,
секциялы
шарғыларды
немесе
тізбеорауыштарды
тоқып-тігу
машиналарына жеткізуді жүзеге асырады.
Екінші ағынды желім - мақтадан жасалатын тоқып-тігу әдісімен
беймата материалдар өндірісіне арналған автоматты ағынды желі.
Бұл ағынды желі сырт және спорт киімдеріне арналған беймата
тігілген беймата жаймалар өндіруге арналған.
Автоматтандырылған ағынды желінің құрамына келесі құрал-
жабдықтар кіреді: 4 бума қопсытқыш, РЧК екі қопсытқыш-тазалағыш, ГР-
7 горизонтальды қопсытқыш, РВП-2 талшықтарды пневматикалық
бөлгіш, екі ТБ-2 түтетін екі секциялы жайғақсыз машиналар, ПГ-7К
резервті
сыйымдылығы бар 2 негізгі қоректендіргіш, тарау машиналарының 16
автоқоректендіргіштері, ЧМ-450-7 16 тарау машиналары, 8 тарам
түрлендіргіштер, сегіз ВП-2 тоқып-тігу машиналары, БСМ-170 екі
мүкістеу-қабаттау өлшеу машиналары, желдеткіштері, клапандары және
сүзгіштері бар пневмотасымалдау жүйесі, механикаландырылған
тасымалдағыш және сызықты электроавтоматты басқару жүйесі.
Мақта өндірісіне арналған ПЛВ ағынды желісі. Ағынды желінің
құрамына келесі құрал-жабдықтар кіреді: КР-1 бума қопсытқыш, екі ВР-1
вертикальды қопсытқыш, КЛ-2 жылдам жүрісті конденсор, ТБ-2
жайғақсыз түту машинасы, АП-2 сегіз автоқоректендіргіштер, АЧВ-В
сегіз тарап-тоқу агрегаттары, автоқоректендіргіштердің бункерлеріне
талшықтарды бөлуге арналған пневмотасымалдағыш жүйесі, төрт ФТ-2
сүзгішпен және орталықтандырылған желдеткіштермен машинаның
жұмысшы бөлшектерінен шаңды ауаны сору жүйесі, ағынды желінің
жұмысын автоматты басқару жүйесі.
ПЛВ ағынды желіндегі технологиялық процесс үзіліссіз автоматты
түрде жүзеге асырылады.
143
Достарыңызбен бөлісу: |