4.6. Тоқып-тігу бейматалардағы ақаулардың негізгі түрлері. Тоқып-
тігу машиналарының өнімділігі
Тоқып-тігу машиналарында беймата материалдарындағы ақаулар
жасалуының негізгі себебі, иірімжіптің, талшықты жайғақтың нашар
дайындалуы, сонымен қатар инелі бөлшектердің бұзылуы болып
табылады.
Тігу жіптерінің үзілуі – үлкен түйіндермен, иірімжіптің басқа да
қоспалармен қалыңдануымен, үлпектерден жіпбағыттағыш бөлшектерінің
жеткіліксіз тазалануынан жіптің жоғары керілуімен және құбырлы
көзшелі инелердің өзара дұрыс орналаспауынан туындайды.
Мысалы, Германияда жіптің үзілуін төмендету үшін Маливатт
машинасында парафинделген иірімжіптер қолданылады.
Көбінесе тігілетін жіптердің үзілуі ламель құрылғысы мен
қозғалмалы инелердің арасындағы тігу аймақтарының жақындығынан
туындайды. Сонымен қатар, өте жиі бағыттағыш шыбықтар мен
шпулярник арасындағы тігінен жіптер үзіледі.
Зерттеулер көрсеткендей, егер иірімжіп жақсы дайындалған болса,
қайта орау процесінде үзілу өте сирек болады.
Үзілісті тудыртатын жіптерді артық керудің себебі, негізгі жіптерді
беру механизмдеріне дұрыс ретке келтірмегендіктен болып табылады.
Биіктігі бойынша құбырлы және көзшелі инелердің өзара дұрыс
орналаспауы, жіптердегі инелер ілгектермен үзілуіне әкеп соқтырады.
Тарақшаны ұзына бойы жылжытқан кезде құбырлы және көзшелі
инелер арасындағы жіп қысылып қалуы мүмкін, бұл да жіптің үзілуіне
ә
кеп соқтырады.
Үзілгіштіктің ең негізгі себебінің бірі – арнайы кемпірауызбен
түзетілетін құбырлы қозғалмалы иненің майысқақтығы болуы мүмкін. Бұл
138
үзілгіштікті тудыратын ине қайтадан қолданылмайды, оны жаңа инеге
ауыстырады.
Ілмектің түсірілуі – бір ілмекті бағанада үзілген ілмектер немесе
байланбаған ілмектер түрінде болады, мұндай жағдайда тігілген жіп
үзілмейді және машина тоқтамайды.
Бір бағанада үзілген ілмектер түріндегі түсірулер, құбырлы иненің
қозғалтқышы сынған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда құбырлы
инені ауыстырған жөн.
Егер түсірулер жайманың барлық жерінде болса, онда мұның себебі
қозғалтқыш инелердің қатынасына байланысты тігу жіптеріне арналған
көзшелі инелердің тарақшалары дұрыс орнатылмағандықтан болады.
Ал көзшелі және құбырлы инелердің өзара дұрыс орналаспауы
кезінде инелерге жіптердің төселу шарттары нашарлайды, яғни жеке
жіптер ілмектің түсірілуіне әкеп соқтыратын инелердің ілгектеріне кірмей
қалуы да мүмкін.
Байланбаған жайғақтар – қозғалмалы инелердің сынған
уақытысында ілмекқалыптастыру процесі жүрмейді, бұл ақау жіптің
үзілуі кезіндегі ақауға ұқсас болып келеді. Ал сынған инені ауыстыру
қажет.
Жайғақтың байланбай қалуы көзшелі иненің иілгіштігіне де
байланысты болып келеді, осының нәтижесінде қозғалмалы иненің
ілгегіне жіптің төселуі қиындайды және жіптің үзілуі пайда болады.
Мұндай ақауды болдырмау үшін иілген инені кемпірауызбен түзулейді
немесе жаңа инеге ауыстырады.
Жаймадағы бойлық жолақтар – мұндай ақаулардың пайда
болуының бірден-бір себебі, құбырлы инелердің қанағаттандырмайтын
жағдайы (иненің иілгіштігі және ұшының үшкірлігі), сонымен қатар
биіктігі және ені бойынша олардың дұрыс орнатылмауы. Мұндай
кемшіліктерді жою үшін, инелерді дұрыстау, тегістеу немесе түзету және
бірнеше инелерді жаңа инелермен алмастыру қажет.
Ілмектердің созылуы – тізіпорау кемшіліктерінен шығады: яғни
шарғыдан оралатын жеке жіптердің жоғары керілуінен немесе
созылуынан пайда болады.
Мұндай ақаулар көбінесе машинаны шпулярниктен шығатын тігу
жіптерімен сабақтау кезінде және келесі басқа да себептермен шығуы
мүмкін: тікиіршікте жіптің нашар оралуынан, тікиіршік ұстағыштарда
тікиіршіктердің дұрыс орналаспауынан және жіп бағыттағыш
құрылғыларының көзшелерінің кірленуінен пайда болады.
Тоқып-тігу машинасының теориялық өнімділігі мына формулаларға
сәйкес анықталынады м/сағ немесе
/
2
м
сағ:
139
В
В
Т
П
n
П
n
А
3
1000
60
50
1000
3
1000
1000
60
50
В
В
Т
П
nШ
П
Ш
n
А
(39)
мұндағы n - машинаның негізгі білігінің айналу жиілігі, айн/мин;
В
П
- бойлық бағыттағы 50 мм-дегі ілмектердің саны;
Ш – машинаның жұмысшы ені, мм.
Тоқып-тігу машинасының нақтылы өнімділігі сондай өлшем
бірлікпен мына формула бойынша анықталынады:
ПУК
П
n
А
В
Ф
3
;
П
ПУК
nШ
А
В
Ф
1000
3
(40)
мұндағы ПУК – оның тұрып қалуын есепке алатын тоқып-тігу
машинасының пайдалы уақыт коэффициенті (ПУК=0,65-0,85).
Достарыңызбен бөлісу: |