1.1.2. Кардты тарау. Қалпақшалы тарау машинасы
Кардты тарау процесінің мақсаты – таспа машиналарының және
басқа да машиналарының созу аспаптарында талшықтардың жеке
қозғалысын қамтамасыз ету және біркелкі өнімді алу.
Тарау процесінің мәні – талшықтардың түйдектерін және
бумаларын жеке талшықтарға бөлу, оларды ұсақ, тізбекті қоқымдардан
тазарту, талшықтарды өзара араластыру және олардан жіңішке мақта
тарамының жасалуы болып табылады.
Талшықтарды тарау үшін екі түрлі тарау машиналары
қолданылады, яғни білікті және қалпақшалы. Қалпақшалы тарау
машиналарында мақта талшықтары және олардың химиялық штапельді
талшықтармен қоспасы, штапель ұзындығы 40 мм химиялық талшықтар
таралады, ал білікті тарау машиналарында – жүн талшықтары және
олардың штапельді химиялық талшықтармен қоспасы, штапель ұзындығы
55-65 мм-ден жоғары таза түріндегі химиялық талшықтар, зығыр
тарамдары және қысқа талшықтар таралады.
Қазіргі заман талабына сай шығарылған машиналарда негізгі тарау
процесімен қатар талшықтарды қоқымдардан тазалау, оларды қарқынды
араластыру, талшықтардың қалыптасатын қабаттарын тегістеу және
15
талшықтардың өндірілетін қабатын машинаға түсетінмен салыстырғанда
90-150 рет жіңішкерту жүзеге асырылады.
Тарау машинасының бекітілген режиміндегі түсіру барабаны
қоректендіру жағынан машинаға қанша талшық түссе, сонша салмағы
бойынша таралған талшықты материал шығарады. Мұнда барабанның ара
тісті гарнитурасында қалдықты қабат отырып қалады, созылмалы
гарнитурамен барабанды созған кезде қалдықты қабатпен қатар
гарнитураның түбінде таралған қабат болады. Бұл қалдықтар барабанда
тараудан кейін 5-15 минут аралығында жасалады, ары қарай олар елеусіз
өзгереді.
Қоректендіру шамасын сол немесе басқа жаққа өзгерткен кезде
машинадан талшықтың шығуы бірнеше уақыт бойы өзгертілген
қоректендіру шамасына сәйкес келмейді. Машина қоректенуінің шамасын
төмендетсек, талшықтың шығуы бірден емес біртіндеп төмендейді. Бұл
барабанның гарнитурасында және қалпақшада тараудан кейінгі
машинаның алғашқы 5-12 минут жұмысында жасалатын талшықтардың
резервті қабаты жиналады. Бұл қабат қоректендіру өнімдерінің
тегіссіздігін тегістеуге қатынасады, осыған байланысты шығарылатын
таралған мақта қысқаша кесінділерде әрқашан машинадан шығатын
жайғаққа қарағанда тегіс болып шығады. Сондықтан тарау машинасының
тегістейтін қозғалысы болады.
Егер машинаны қоректендіруді мүлдем тоқтатып тастасақ, онда
таралған мақта бірнеше уақыт бойы машинадан жіңішке, яғни үзілгенше
шыға береді. Осыдан кейін түсіру тарақшасы өзара үйісе бастайтын
талшықтарды түсіру барабанынан алып тастайды, сонан кейін талшықты
түсіру мүлдем тоқтатылады. Мұндай құбылыс иілгіш, соынмен қатар
тұтас металды гарнитурада қадағаланады. Осыған байланысты иілмелі
гарнитураны қолданған кезде негізгі және түсіру барабнадарында
талшықтардың үш қабаты болады: жұмысшы, яғни тарауға түсетін; одан
кейін таралған мақтаға ауысатын; қалдықты немесе резервті, яғни тарау
процесіне аздап қатынасатын және осыған байланысты шығатын өнімнің
тегістелуі жүзеге асырылады; таралған, яғни гарнитураны тараған кезде
алынады. Тұтас металды гарнитураны қолданған кезде негізгі және түсіру
барабандарында талшықтардың екі қабаты болады: жұмысшы және
резервті.
Тарау машинасында өнімді тегістеу, салмағы бойынша ғана емес,
сонымен бірге құрамы бойынша да жүргізіледі.бұл жағдайға
жылдамдықтары әртүрлі бір қабықты беттен екінші бетке талшықты тарау
прцесіндегі жағдай себеп болады. Осыған байланысты талшықтар
сиретіледі.
16
Талшықтарды араластыру қабылдау барабанынан негізгі
барабанынан негізгі барабанға ауысу аймағында негізгі барабан мен
қалпақшалар арасындағы аймақта және негізгі және түсіру барабандары
арасындағы аймақта жүзеге асырылады.
Тарау машинасы қысқа кесінділердегі өнімдерді тегістей отырып,
ұзын кесінділердегі жайғақтың тегіссіздігін тегістей алмайды. Сондықтан
тегіс таралған мақтаны алу үшін бір процесті түту машиналарында ені
және ұзындығы бойынша жайғақтарды қамтамасыз ету қажет.
Талшықтардың арам шөптерден тазалануының 75% қабылдау
барабаны аймағында жүзеге асырылады.
Ал қалған 25% қалпақшалы тараммен бірге негізгі және түсіру
барабандарының тор көздері арқылы алынады.
Жайғақ немесе тегіс ағынды түрінде қалыптасқан талшықты
материал тарау машиналарына беріледі. Келіп түсетін талшықты материал
шатасқан талшықтар түрінде болады және оларда әлі қысқа талшықтар,
талшықта қоқымдар, түйнектер сақталынып қалады. мұндай талшықты
материал нардты тарауға түседі.
Қалпақшалы тарау машинасында кардты тарау өнімнің жіңішкеруі
және таспаның қалыптасуы жүзеге асырылады.
Қалпақшалы тарау машинасының келесі негізгі жұмысшы
аймақтары болады: 1) қоректендіру және алдын-ала тарау аймағы, 2)
негізгі тарау аймағы, 3) таспаны және шығатын собықты қалыптастыру
аймағы.
Тарау машинасын қоректендендіру, түту машинасынан алынатын
жайғақпен немесе қопсытып-түту агрегатымен тарау машинасын
агрегаттаған кезде бункерден келіп түсетін тегіс мақта қабаттарымен
жүзеге асырылуы мүмкін.
Бункерлі қоректендіру машинаның пайдалы уақыт коэффициентін
жоғарылатуға мүмкіндік береді, осының нәтижесінде еңбек өнімділігі
жоғарылайды.
Тарау машинасын жайғақпен қоректендіру кезіндегі оның
тегістілігі, түту машинасында бақыланатын жайғақтың тегістілігіне
байланысты болып келеді. Бункерден қоректендіру кезінде талшықтардың
ағыны, тарау машиналарының бункерлері бойынша біркелкі бөлінулері
қажет. Тарау машиналарын қоректендіруді автоматты реттегішті
құрастыру қажеттілігі туындайды.
Бункерден қоректендіру кезінде көлемі аз бірақ сорттау саны көп
өңделетін кәсіпорындарда тарау машиналарын қайта толтыру қиындау
болады. Бірақ мұндай қиыншылықтарға қарамастан бункерден
қоректендіру иіру өндірісінің прогрессивті технологиясы болып
табылады.
17
Алдын-ала тарау аймағында талшық түйдектерін қарқынды тарау
және қоқымдардың бөлінуі жүзеге асырылады. Қабылдау барабаны келіп
түсетін түйдектердің 80% жеке талшықтарға ажыратады және осынша
мөлшерде қоқымдарды шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |