Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет17/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

Таспа машиналары 
 
Таспа  машиналары  сызықтық  тығыздығы  және  құрамы    бойынша 
өнімді тегістеу мақсатымен созу аспабында өнімді жіңішкертуге бірнеше 
таспаларды  қабаттауға  және  таспамен  астауды,    тікиіршікті 
қалыптастыруға арналған.  
Мақта  иіру  өндірісінде  әртүрлі  маркалы  таспа  машиналары 
қолданылады.  
1-суретте  Л2-50  таспа  машинасының  технологиялық  сызбасы 
көрсетілген.  Машинаның  қоректенуі  үстел  5  қасында  орнатылған 
астаулардан  1  таспалармен  жүзеге  асырылады.  Әрбір  үстелдің  алдында 
қабаттау  санына  байланысты  6-8  астау  орнатылады.  Астаудан  таспа 
шығарушы  білік  2  және  өзі  тиейтін  біліктің  3  көмегімен  шығарылады. 
Астаудан  шығарылатын  таспаны  жазу  үшін  өзі  тиейтін  біліктің  алдында 
таспа бағыттаушы 4 орналастырылған.  
Қоректендіру  үстеліндегі  таспалардың  барлығы  қоректендіру 
біліктер  жұбының  көмегімен  созу  аспабына  беріледі.  Таспа    ағынының 
бағытын  және  енін  шектеу  үшін  созу  аспабының  орташа  бөлімінде  
шектеулер 6  орнатылған.  
Таспалар, бақылаушы білігі 10 бар созу аспабында созылады.  Созу 
аспабы үш цилиндр және үш жүктеуші біліктерден тұрады. Жалпы созу 5, 
5 – 8, 5 тең, ол өнімнің қажетті сызықтық  тығыздығына және таспалардың 
қабаттау санына тәуелді.  
Созу  екі  аймақта  бірізділікпен  жүзеге  асырылады,  қоректендіру  8 
және  аралық  жұптар  9  арасындағы  бірінші  жеке  созу,  екінші  аумақтағы 
аралық 9 және созу жұп 11 арасындағы созудан төмен.  
Аралық цилиндрге жақын орнатылған бақылаушы білік 10 үйкеліс 
күштерінің  қосымша  өрісін  құрайды.  Өнімді  тығыздайды  және  созу 
өрісінің  үлкен  ұзындығы  бойынша  аралық  жұбының  жылдамдығымен 
талшықтардың қозғалысын қамтамасыз етеді.  
Екінші  созу  аймағына  түсетін  өнімнің  сызықтық  тығыздығына 
байланысты  цилиндрмен  бақылаушы  10  біліктің  арасындағы  ара-
қашықтықты 0 мен 2 мм аралығында өзгертуге болады. Созу процесінде 
ұзын  талшықтар  созу  жұбының  10  жылдамдығына  өтіп,  осы  қысудан 
үзілмей  шығады,  ал  қысқа  талшықтардың    қозғалысы  жақсы  бақыланып 
тұрады. 
Таспа  машиналарының  соңғы  конструкцияларында  айналатын 
бақылаушы білік қолданылады. Созу аспабына түсетін таспалар бір-біріне 
жақын  төселіп,  әрбір    таспа  жеке  созылады.  Созу  аспабынан  шыққан 
таспалар  лоток  12  бойынша  өтіп  қабатталады.  Таспа  машиналарында 
қабаттау  процесі  созу  аспабында  таспалар  созыланнан  кейін  жүзеге 


19 
 
асырылады.  Таспа,  біліктер  13  тығыздалып,  таспа  төсегішке  канал    14 
бойынша  келіп  түседі.  Таспа  төсегішке  таспа  воронка  15  көмегімен 
қосымша  тығыздалып  астау  18  төселеді.  Таспа  төсеушінің  шығарушы 
біліктері 16 таспаны воронка 15 арқылы өткізіп, оны жоғарғы тәрелке 17 
каналына  бағыттайды.  Төменгі  тәрелке  19  және  жоғарғы  тәрелке  17 
ә
ртүрлі  жылдамдықпен  айналады  және  олардың  айналу  орталықтары 
сәйкес келмейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет