14
Қалдықтардың физика-механикалық қасиеттеріне және қолдану
облыстарына байланысты оларды алты топқа бөледі. Бірінші және екінші
топты - иірім қалдықтары, үшінші топты – мақта қалдықтары, төртінші
топты – төменгі сортты, бесінші топты – сүрткілер, яғни сүртетін
шүберектер, алтыншы топты – қолөнер қалдықтары құрайды.
Төменгі сортты мақта талшықтарын қарапайым сорттауға қосуға
болмайды, оларды үлкен сызықтық тығыздықтағы (83,3-333 текс)
иірімжіп өндірісіндегі иірім қалдықтарының қоспасымен тиімді
пайдалануға болады.
Көрсетілген иірімжіп маталардың мынандай ассортименттеріне
ұсынылады: жиһаз, тенттерге арналған маталарға, костюмді, жеңдерге
арналған маталарға және тағы басқа сол сияқты маталарға.
Қалдықтардан алынған иірімжіптерді және төменгі сортты мақта
талшықтарын иірудің аппаратты жүйесіндегі құрал-жабдықтармен
өндіреді. Қоспаларды тарау екі немесе үш білікті тарау машиналарынан
тұратын тарау аппаратында жүзеге асырылады. Сақиналы иіру
машиналарында иірімжіп өндіріледі. Аппаратты иірілген иірімжіптер
жұмсақ, үлпек, тегіс және иірудің кардты жүйесімен өндірілген иірімжіпке
қарағанда төзімді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: