Иірудің тарақты жүйесінде (камвольды жүйе) ұзындығы және
жіңішкелігі бойынша біртекті ұзын, тегіс жүн қолданылады. 60
с
жіңішке
жүн және I ұзындықтан жоғары (70 мм және одан жоғары), II ұзындықты
(55-70 мм) және аралас тарақты, көбінесе ақ жүн (боялмаған)
қолданылады. Кейін оны әртүрлі түстерге бояйды.
Түрі және сорты әртүрлі жүндерден басқа, үлкен сызықтық
тығыздықтағы жгут түрінде кәсіпорынға келіп түсетін химиялық
талшықтар да кеңінен қолданылады.
Тарақты иірімжіптерден көйлек, костюмдік маталар, орамалдар,
трикотаж жаймалары және бұйымдарының кең ассортиментті өндіріледі.
Тарақты иірімжіптен алынған маталар үлкен тығыздығымен,
төменгі жылу өткізгіштігімен және жақсы ауа өткізгіштігімен
ерекшеленеді.
Иірудің тарақты жүйесі бойынша таза жүнді иірімжіп және
құрамында химиялық талшықтары бар (лавсан, нитрон, орлон және тағы
да басқа) аралас иірімжіптер өндіріледі.
Көбінесе иірімжіп боялған талшықтардан өндіріледі.
Таза жүн немесе аралас иірімжіп өндірісі үш кезеңнен тұрады.
Сапасы 60
с
және одан жоғары жүннен алынған таза жүнді иірімжіпті
өндіру кезіндегі технологиялық процестер мен машиналардың тәртібін
қарастырайық.