Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Фасонды иірімжіп өндірісі



Pdf көрінісі
бет40/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

 
1.6. Фасонды иірімжіп өндірісі 
 
Фасонды  иірімжіптің  құрылымы  біртексіз,  оның  бетінде  түйдек, 
ілмек,  түйнек  түріндегі  әртүрлі  қалыңдау  жерлері  болады.  Мұндай 
ирімжіптің  тоқымашылық  және  трикотаж  өнеркәсіптерінде  кеңінен 
қолдану, бұйым ассортименттерін кеңейтуге мүмкіндік береді. 
Фасонды  иірімжіптің негізгі түрлеріне қалыңдау жерлері бар және 
түрлі-түсті  әсерлері  бар  біржіпті,  біркелкі  ширатылған  және  толқынды, 
көпжіпті,  фасонды-ширатылған  иірімжіп  –  түйнекті,  ілмекті,  фасонды 
ширатылымды  құрастырылған  иірімжіптер  жатады.  Фасонды  иірімжіп 
кемінде  екі  немесе  үш  және  одан  да  көп  жіптерден  тұрады  және  екі 


45 
 
кезеңмен  дайындалады.  Бірінші  фасонды  ширату  машинасында  өзекті 
болып табылатын екі немесе үш жіп ширатылады, одан кейін бұл жіптер 
ширату  аймағына  түседі,  мұнда  бір  мезетте  өзекті  жіптердің  беріліс 
жылдамдығынан  жоғары  жылдамдықпен  айдау  жібі  келіп  түседі.  Бұл 
жылдамдық  ауыспалы  болып  келуі    мүмкін.  Айдау  жібі  өзекті  жіпті 
шырмайды және екі жіптің жылдамдық қатынасына байланысты олардың 
бетінде түйнектер, ілмектер, серіппелер немесе томпақ жерлерді жасайды. 
Ширату  машинасы  арқылы  екінші  рет  жіберген  кезде  бекіту  жібі 
енгізіледі, бұл жіп айдау және өзекті жіптерді бекітеді немесе өзі қосымша 
әсер
 береді. 
Фасонды ширатылымды КФ-100 ширату машинасы әмбебап болып 
табылады.  Ол  мақта,  жүн  және  жібек  өндірістерінде  қолданылады. 
Толқынды иірімжіпті сызықтық тығыздығы бойынша лезде ерекшеленетін 
екі жіпті ширату арқылы немесе айдау жібінің жылдамдығын жоғарылату 
есебінен  алады.  Ширатудың  екінші  кезеңінде  алынған  иірімжіпті,  тепе-
теңдікті құрылымы болу үшін кері бағытта бекіту жібімен ширатады. 
Әрт
үрлі  түйнекті    иірімжіптерді  қоректендіргіш  қондырғының 
алдыңғы жұбының жылдамдығының қатынасын өзгерте отырып, сонымен 
қатар  өзекті  иірімжіп  шығаратын  және  айдау  жібін  беретін  жұптың 
жылдамдығын  өзгерту  арқылы  алады.  Сонымен  қатар  жіп  бағыттағыш 
орналасатын  тербелісті  планка  құлашының  кезеңін  және  амплитудасын 
өзгертеді.  
Созбалы  әсері  бар  иірімжіпті,  алдыңғы  цилиндрге,  шығаратын 
өзекті  жіпке  созбаны  беретін  қоректендіргіш  қондырғының  орташа 
жұбына үзілісті қозғалыс беру арқылы алады. Орташа жұп тоқтаған кезде 
созбаның  берілісі  тоқтатылады,  ал  ертерек  шығарылған  созба  жіпке 
ширатылады.  
Ілмекті  иірімжіпті  өндірген  кезде  өзекті  ілмекті  сабақтауға 
арналған  канавкасы  бар  біліктер  қолданылады.  Айдау  жібі  екі  өзекті 
жіптер  арасындағы  алдыңғы  білік  астында  сабақталады  және  жоғары 
жылдамдықпен шығарылады.  
Одан кейін бекіту жібімен кері бағытта екінші ширатуды жүргізеді.  
Серіппелі әсері бар иірімжіпті, әртүрлі бағыттағы ширатылымы бар 
екі  немесе  бірнеше  ілмектерді  ширату  арқылы  алады.  Айдау  жібінің 
жоғарғы жылдамдықты берілісінде фасонды серіппе алынады. 
Әрт
үрлі    формалардың  үйлесім    және    түстер  саны    фасонды 
иірімжіпте өте үлкен, сондықтан ол жаңа құрылымды және жаңа суретті 
трикотаж  жаймаларына  және  маталарды  жасауға  тапсырмас  материал 
болып  табылады.  Фасонды  иірімжіпті  қазір  бұйымның  белгілі  бір  түрін 
шығару үшін көптеген өндірістер пайдаланады, бірақ иірімжіптің сыртқы 
ә
сер синтезін ары қарай дамыту талап етіледі.  


46 
 
Сәннің  қандай  да  бір  бағытына  сәйкес  эффектілерінің  белгілі  бір 
түрі бар иірімжіпке сұраныс туындайды.  
Сән  бағытының  дамуын  және  түстер  гаммасының  өзгеру 
тенденциясын  дер  уақытында  білуді  тек  иірімжіпті  сататын  арнайы 
көрмелерден  білуге  болады:  «Heimtextil»  (Франкфурт-на-Майне),   
«Expofil» (Париж),  «Pitti Filati» (Милан) және т.б. 
Жаңадан  жасалынған  иірімжіп,  жіп  және  талшықтардың  түрін 
бірінші кезекте ғаламтордан білуге болады. Барлық халықаралық текстиль 
көрмелерінің,  жетекші  машина  жасайтын  фирмалардың,  химиялық 
талшықтар  мен  жіптер  өндірушлердің  иірімжіп,  мата,  трикотаж 
бұйымдарын  шығаратын  өндірістердің  ғаламтордан  өз  беттері  болады. 
«Trends»  -  талшық,  иірімжіп,  жіп  ассортименттерінің  даму  бағытын  екі 
жыл алдын ала жариялайды.  
Қазіргі  кезде  барлық  трикотаж  иірімжіптерін  шығаратын  батыс 
европалық фирмалардың өздерінің құрылымында трикотаж  бөлімі немесе 
трикотаж  жаймаларын,  трикотаж  бұйымдарының  замануи  үлгілерін 
шығаратын фирмалармен тығыз байланыста болады. 
Фасонды  иірімжіптің  жаңа  жеке  түрлері  трикотаж  бұйымдарының 
сыртқы  түрін  безендіруге  ғана  емес,  сонымен  қатар  оларға  ерекше 
функционалды қасиеттер, яғни жұмсақтық, көлемділік, ыңғайлылық, беру 
мақсатында да қолданады.  
Бұйра  немесе  ілмекті  фасонды  иірімжіпті    қолданған  кезде  негіз 
және  арқау  бойынша  көлемділігі  жоғары  және  үлпек,  жылу  шығару 
қасиеті  жақсы  жаймалар  алынады.  Егер  фасонды  иірімжіпті  қарапайым 
ширатылған  иірімжіп  үлесімінде  қолданатын  болса,  онда  жайманың 
бетінде  кедір-бұдырлы  жолақтар  немесе  түрлі-түсті  тор  көздер, 
құрылымды  эффектілер  алынады.  Түрлі-түсті  түйіндері  бар  иірімжіп  
жайманың бетіне ретсіз орналасқан дақ түрінде болады. Ал егер матаның 
негізгі  фонының  түсіне  түйіндерді  де  бояса,  онда  ол  өзінің    жарық 
көлеңкілігімен ерекше назар аудартады. Зығыр  талшықтарын қосып алған 
фасонды иірімжіптердің гигиеналық қасиеттері жоғары болады. 
Фасонды  иірімжіп  өндірісінің  көлемі,  басқа  иірімжіп  өндіріс 
көлемімен  салыстырғанда  жоғары  болмағанымен,  фасонды  иірімжіп 
қосылып жасалынатын бұйымдардың түрлері өте көп деп айтуға болады. 
Өйткені  ол  таза  түрінде  көп  қолданыла  бермейді,  міндетті  түрде 
қарапайым иірімжіп үйлесімінде қолданылады. 
Қазіргі  кезде  фасонды  иірімжіп  дәстүрлі  иіру  және  ширату құрал-
жабдықтарында, сонымен қатар арнайы фасонды-ширату машиналарында 
өндіріледі. 
Мамандандырылмаған құрал-жабдықтарда фасонды иірімжіптердің 
келесі  түрлері  шығарылады:  технологиялық  процестердің  әртүрлі 


47 
 
кезеңдерінде байланыстырылған, әртүрлі түстерге боялған талшықтардан 
ә
ртүрлі  колористикалық  безендірудегі  меланжды  және  мулинирленген 
иірімжіптер.  
Киюдегі  және  өңдеудегі  ыңғайлылық,  арнайы  қасиеттерінің  ұзақ 
сақталынуы,  заманауи  шығарылып  жатқан  трикотаж  бұйымдарының 
ажырамас  бір  бөлігі  болып  табылады.  Бетінің  жылтырақтығы,  жылтыр 
түк, жарық шашатын материалдар сәнге айналуда.  
Трикотаж  бұйымдары  ассортименттерінің  даму  тенденциясының 
талдауы  келесі  иірімжіптердің  түрлерін    пайдалану  өзекті  деп  санайды: 
зығыр  қоспасынан  алынған  антибактериалды  иірімжіптер;  бпактерицидті 
полиэфир  немесе  акрил  және  мақта  иірімжібі;  зығырлы-химиялық  
иірімжіптер;  ашық  таза  гүлдерден  немесе  оптикалық  түрде  ағартылған 
иірімжіптер;  бір  ваннада  боялғанда  иірімжіптегі  әртүрлі  талшықтар 
бояғышты  әртүрлі  таңдау  жолымен  алынатын  «шине»  эффектісі  бар 
боялған  иірімжіптер;  полиэфирлі  немесе  полиамидті    микроталшықтары 
бар  мақта  қоспасынан  алынған  «стретч»  иірімжібі;  табиғи  жібегі  бар 
жүннен  немесе  мақта  қоспасынан  алынған  иірімжіп;  кашмир  үлпегі  бар 
иірімжіп;  супер  жұмсақ  грифі  бар  көлемді  иірімжіп;  үлкен  сызықтық 
тығыздықтағы  көлденең  қималы  үшбұрышты  пішінді  полиамидті  немесе 
полиэфирлі  талшықтарды  қосу  арқылы  жылтырақ  иірімжіп; 
қалыңдатылған  және  жұқартылған  түйіндері  бар  фасонды  ширатылған 
иірімжіп; «лайкра», «спандекс», «эластан» типтес полиуретанды жіптерді 
қолдана  отырып  алынған  созылғыштығы  жоғары  иірімжіптер;  көп 
ширатылымды көп түсті көлемді иірімжіптер және т.б. 
Фасонды ширатылымды арнайы машиналар бұйра, ілмекті түйінді 
иірімжіптерді,  созба  эффектісі  бар  иірімжіпті  алуға  мүмкіндік  береді. 
Фасонды-ширату  машиналарында  өндірілген  иірімжіптің  орташа 
сызықтық тығыздығы 70-250 тексті құрайды. 
Трикотаж  бұйымдарында  түкті,  баспа  және  барқыт  иірімжіптерін 
(синель) қосу қызығушылық танытуда. 
Сапа әрқашанда сәнде. Сапалы фасонды иірімжіп және оны қосып 
шығарылған  бұйымдар  өндірісі  экономикалық  жағынан  тиімді  болып 
саналады.  Бірақ  фасонды  иірімжіпті  қосып  шығаратын  трикотаж 
бұйымдары шығармашылық сипатты, үлкен шеберлікті қажет етеді. 
Фасонды иірімжіптерінің әртүрлі түрлері қолданылып шығарылып 
жатқан  заманауи    трикотаж  бұйымдары  адамға  бейімделген,  көп 
функциялы және ыңғайлы. 
 


48 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет