44
Жеңіл типті машиналардағы ұршықтың айналу жиілігі,
сақиналарының диаметрі 32-75 мм болған жағдайда 13000 мин
-1
құрайды.
Ауыр типті ширату машиналары үлкен сызықтық тығыздықтағы
ширатылған иірімжіп шығаруға арналған. Бұл машиналардың жеңіл
машиналарынан құрылымдық ерекшеліктері мынандай болып келеді.
Шығару аспабының екі цилиндрі және бір өзі тиейтін білігі болады. Бұл
бірнеше қабаттауда берілістің тұрақты жылдамдығымен және жіптерді
ширату аймағына түсетін үстеме қысыммен қамтамасыз етеді.
Цилиндрлер арасындағы ара-қашықтықты төмендете немесе жоғарылата
отырып, жіпке оңтайлы қысымды алуға болады. Ауыр типті ширату
машиналарда вертикальды өңірі және фитильді майлауы бар сақина
қолданылады. Бұл сақина бойынша жүгіртпенің үйкеліс коэффициентін
төмендетеді және жіптің керілуін тұрақтандырады.
Ауыр типті машиналарда ұршық өздігінен орталықтандырылған,
бұл үлкен тікиіршіктерге маңызды. Иірімжіптердің шарғыға оралуы,
цилиндрлі немесе капронды патрондарға конусты болып келеді. Ауыр
типті машиналардағы сақиналы планкалардың көтерілу биіктігі 190-203
мм, сақинаның диаметрі 89-140 мм, ұршықтардың айналу жиілігі 6000
мин
-1
дейін.
Ылғалдап ширату әдісі тығыздығы жоғары, созылғыштығы төмен,
тепе-теңдікті және көлденең қимасының формасы дөңгелек болатын
төзімді иірімжіп дайындауға арналған. Ылғалдап ширату үшін құрғатып
ширатуға арналған машиналар қолданыла береді. Бірақ шығаратын
аппарат алдында суға арналған латуньнен жасалған ваннаны орнатады.
Суға жіпті салудың белгілі тереңдігі, бағыттағыш таяқшалармен
қамтамасыз етіледі. Кейде судың орнына триэтаноламиннің эмульсиясы
қолданылады, мұның тат бастырмайтын қасиеттері бар жіне жіпті жақсы
суландырады. Ылғалдап ширату кезінде вертикаль типтес өзі майлайтын
сақиналар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: