Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


Жартылай  механикалық  сабақтау



Pdf көрінісі
бет56/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

Жартылай  механикалық  сабақтау  кезінде  жіпті  автоматты  беру 
механизмі қолданылады. Жартылай механикалық сабақтау әдісін қолдану 
–  жұмысшылардың  еңбегін  едәуір  жеңілдетеді.  Бірақ  мұнда  жіптер  тек 
ремизкаға  және  бердоға  ғана  сабақталынады.  Сондықтан  бұл  әдіс  көп 
қолданылмайды. 
Механикалық  сабақтау  кезінде  бірнеше  механизмдерден  және 
қосымша  құралдардан  тұратын  автоматты  сабақтау  машиналары 
қолданылады.  Мұндай  сабақтау  кезіндегі  өнімділік  сағатына  5000  жіпті 
құрайды. Мұндай сабақтау машиналарының құрылғылары күрделі болып 
келгендіктен  мұнда  тек  арнайы  құрылымды  ремизкалар  және  ламельдер 
қолданылады. 


65 
 
Жаңа  негіз  жіптердің  ұштарын  жасалынып  болған  негіз  жіптерінің 
ұштарымен  байланыстыру  –  қолданылатын  әдістері  бойынша 
(стационарлы, қозғалмалы және әмбебап) топтастырылатын түйін байлау 
машиналарында  жүзеге  асырылады.  Стационарлы  машиналарда  негіз 
жіптерді  сабақтау  бөлімінде  байлайды.  Қозғалмалы  түйінбайлау 
машиналары жіптерді тоқу станогында байлайды. 
Нақты  шарттарға  байланысты  әмбебап  түйін  байлау  машиналарын 
қозғалмалы  және  стационарлы  түрде  қолдануға  болады.  Қазіргі  түйін 
байлау  машиналары  минутына  300-400  түйін  байлайды.  Стационарлы 
және әмбебап түйін байлау машиналарының нақтылы өнімділігі сағатына 
5000-10000 түйін аралығында, ал қозғалмалы машиналарда сағатына 3000-
нан 8000 түйінге дейін болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет