Бірінші топқа жататын тоқу станоктары күзуде арқау жіптерінің
төселу әдісі бойынша қайықты және қайықсыз деп бөлінеді. Қайықты
станоктарда қайық арқау собығын алып жүреді және күзу арқылы ұшқан
кезде арқау жіп собықтан төгіледі. Қайықсыз станоктарда күзуде арқау
жіптің төселуі аз габаритті төсегіштердің, болат таспалардың, ауа және су
ағындылары арқылы жүзеге асырылады.
Тоқу станоктарын топтастыру өңделетін шикізаттың түріне (мақта,
жібек, жүн, зығыр, шыны, металл және басқа да маталарды тоқуға
арналған станоктар); матаның белгілеуіне байланысты (қарапайым және
арнайы станоктар); арнайы белгілеудегі мата өндіруге арналған станоктар;
өндірілетін матаның еніне (енді және енсіз станоктар) байланысты да
оларды топқа бөлу қарастырылған. Енсіз станоктарда ені 100 см-ге дейінгі
маталар тоқылады.
Қайықты тоқу станоктары арқау собықтарын автоматты түрде
ауыстыратын (автоматты) немесе оны қолмен (механикалық)
83
ауыстыратын болып келуі мүмкін. Автоматты тоқу станоктарының
жұмысшы ені, см: 60, 100, 120, 140, 160, 175.