25-сурет. Көп күзулі машинада мата тоқылуының сызбасы Қайықты тоқу станоктары келесі маркаларда шығарылады: АТ-
100-5М, АТ-2-120Шл, АТ-175-Л5, АТ-2-250Ш және тағы да басқа. Станок
маркасындағы әріптерден кейін (А-автомат, Т-тоқу) станокта
қолданылатын қайықтардың (2 немесе 4) саны көрсетіледі. Егер ол сан
көрсетілмесе, онда станок бір қайықты. Одан кейін станоктың сабақтау ені
көрсетіледі Шл, Ш, Л әріптері станок жібек, жүн және зығыр маталарын
өндіруге арналғандығын көрсетеді. Мақта маталарын және химиялық
штапельді талшықтардан алынған маталарды өндіруге арналған
станоктарда мұндай белгілеулер болмайды. Станок маркасындағы соңғы
сан модификациясының реттік нөмірін көрсетеді.
Технологиялық функцияларды орындайтын тоқу станогының
негізгі механизмдеріне мыналар жатады:
күзу қалыптастыратын;
күзуге арқау жібін төсейтін;
мата шетіне арқауды қосатын;
тауарлы механизм, негізгі реттегіш, немесе матаға және негізге
ұзына бойы бағытта қозғалыс беретін негізгі тежегіш.
Бұл механизмдерден басқа, тоқу станоктары қосымша
механизмдермен (сақтандыратын қондырғылар, сонымен қатар арқау
жібінің сапасы және түсі бойынша әртүрлі мата тоқуға мүмкіндік беретін
механизмдер) жабдықталған.
84
Негіз жіптердің және матаның бойлық жылжуы бағыттағыш
бөлшектердің (оқтау, шпаруткалар және төстемір, бағалы таяқшалар)
көмегімен жүзеге асырылады.