Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Ұсынылып отырған айқаспа суретін қолданып



Pdf көрінісі
бет69/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

22-сурет. Ұсынылып отырған айқаспа суретін қолданып 
алынған мата  
 
Ұсынылып отырған қиыстырылған саржалар  айқаспалары шарфтар, 
плед,  күртешелерге  арналған  маталарға  және  жүн  және  синтетикалық 
жіптерден  алынатын  пальтоларды    дайындауға  қолданылуы  мүмкін. 
Оларды  өндіру  үшін  тоқу  станоктары  4,6,8  және  одан  да  көп 
ремизалармен жабдықталады. Жаңа айқаспалар өндірісте қарапайым және 
оларды қолдану заманауи маталардың ассортиментін кеңейтуге өз септігін 
тигізеді.  
 
 
 
23-сурет.  Компьютерлік модельдеу  жолымен алынған мата (32 
жіп) 
 
Айқаспаларды  жобалаудың  инновациялық  әдісі  маталардың 
ассортиментін өзгертуде, олардың айқаспа суретін тез арада  құрастыруға 
мүмкіндік береді.  
 
 


79 
 
2.2.3 Матаның сабақтау суреті  
 
 Тоқу станогын сабақтау және онда мата  тоқу үшін алдын-ала оның 
сабақтау суретін қарастырады. Сабақтау суреті графикалы ремизкаға және 
бердоға  негіз  жіптерді  сабақтау  тәртібі  және  мата  раппортының 
шектеуінде  олардың  арқау  жіптермен  айқасуы  түрінде  болады. 
Жаккардтыдан  басқа  барлық  маталардың  түрлеріне  арналған  тоқу  суреті 
келесі  элементтерден  тұрады:  өрім  суреті  I  (24-сурет),  бердоға  негіз 
жіптерді  сабақтау  сызбасы  II,  ремизкаларға  негіз  жіптерді  сабақтау 
сызбасы  III, өрім раппортының шектеуінде арқау жіптерді әр рет өткізуге 
арналған ремизкаларды көтеру тәртібінің сызбасы  IV, негіз жіпті бойлай 
(бойлық) және арқау жіпті бойлай (көлденең) мата кесінділерінің сызбасы. 
Матаның сабақтау суретін бейнелеу үшін канва әдісі қолданылады. 
Мұндай  жағдайда  негіз  жіптер  тор  көзді  қағазда  вертикальды  түрде 
бейнеленеді, арқау жіптер – жол аралық горизонталь түрде, ремизкалар да 
–жол аралық горизонталь түрде бейнеленеді. Ремизкалардың есебі негізгі 
жіптердің  тоқу  тізбеорауыштан  вальянға  қарай  қозғалысы  бойынша 
жүргізіледі.  Сабақтау  суретінде  –  артқы  ремизкадан алдыңғы    ремизкаға 
жоғарыдан  төмен  қарай  көрсетілген.  Сәйкес  ремизканың  галеваларына 
сабақталынатын әр негізгі жіптің қиылысу орнын дөңгелекпен белгілеген. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет