Ілмекқалыптастырудың трикотажды процесі Трикотаждың қасиеті екі негізгі факторлар арқылы анықталынады:
1) трикотаж қалыптасқан жіптердің қасиеттерімен, 2) трикотаж
құрылымымен. Ілмектегі жіптің формасы және ұзындығы, ілмектердің
өзара орналасуы – трикотаж машинасында олардың тоқылу шарттарына
байланысты болып келеді. Трикотаждың түрлері өте көп. Бірақ,
ілмекқалыптастыру процестерінің негізіне бір принцип қойылған. Ал
негізі ілмекқалыптастыру процесінің екі түрі болады – трикотажды және
тоқу.
Ілмекқалыптастыру процестерін қарастыра отырып, трикотажды
және тоқу процестерінде бірізділігі әртүрлі болып келетін, жеке сипатты
операцияларды бөлуге болады. Ілмекқалыптастыру процестерін оқып
үйрену кезінде операцияның кез-келген түрі, уақыт бойынша жүретінін
есепке алу керек. Әр операцияның мәнін ашатын суреттер,
ілмекқалыптастыру бөлшектерінің және жіптерінің тек лездегі жағдайын
көрсетеді.
Ілмекқалыптастырудың трикотажды процесі он операциядан тұрады
(31-сурет): 1-бекіту; 2-төсеу; 3-иілдіру; 4-шығару; 5-пресстеу; 6-келтіру; 7-
байланыстыру; 8-түсіру; 9-қалыптастыру; 10-тарту.