Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Ілмекқалыптастырудың трикотажды процесі



Pdf көрінісі
бет88/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

31-сурет. Ілмекқалыптастырудың трикотажды процесі 
Бекіту  операциясы  иненің  және  ескі  ілмектің  салыстырмалы 
қозғалысынан  тұрады.  Мұнда  ескі  ілмек,  ілгектің  шектеуінде  иненің 


97 
 
негізіне  қарай  жылжиды.  Ілгектің  ұшы  мен  ескі  ілмектің  инелі  доғасы 
арасындағы  ара-қашықтық,  инеге  жаңа  жіптің  төселуін  қамтамасыз  ету 
керек. 
Төсеу  операциясының  түсінігімен,  өрім  суретімен  анықталынатын 
бағдарламаға  сәйкес  инеге  жіптің  берілуі  түсіндіріледі.  Мұнда  жіп, 
шығару  операциясы  әлі  орындалмаған  инелердің  ілгектеріне  төселуі 
керек. Жіпті берудің ілмекті және инелі бұрыштары – жіптің инемен өзара 
қатынасын сипаттайды. Ал мұнда жіпті берудің ілмекті бұрышы  дегеніміз 
– егер жіпті горизонтальды жанама кеңістіктерде жобаласақ, ескі ілмектер 
орналасқан  горизонталь  кеңістігі  бойынша  жіптің  иілу  бұрышы  болып 
табылады.  Ал  жанама  кеңістіктегі  қатынасы  бойынша  жіптің  жақындау 
бұрышы, жіпті берудің инелі бұрышы деп аталады.  
Иілдіру  операциясының  түсінігімен,  қажетті  формадағы  және 
ұзындықтағы  ілмектің  тоқылуына  арналған  инедегі  қойылған  жіптердің 
иілуі түсіндіріледі. Ілмектегі жіптің ұзындығы l, трикотаждың құрылымын 
және  қасиетін  анықтайтын  негізгі  параметр  болып  табылады. 
Ілмекқалыптастырудың  трикотажды  процесінің  басында,  трикотажды 
жобалау  кезінде  есептелінетін  ілмектегі  жіптің  ұзындығы  алдын-ала 
қарастырылады. 
Шығару  операциясы  дегеніміз  –  инедегі  жіптің  ілгек  астындағы 
қозғалысы.  Ілмекқалыптастырудың  трикотажды  процесінің  шығару 
операциясы  кезінде  барлық  ілмектер  бірдей  тартылуы  керек,  ал  ондай 
болмаған  жағдайда,  жіптің  үлкен  тартылатын  бөлімшесіне  қарай 
бағытталуы  мүмкін.  Жеке  ілмектер  арасында  жіпті  қайта  бөлу    - 
трикотаждың  тегіссіз  болуына  әкеп  соқтырады.  Шығару  операциясы 
кезінде жаңа ілмектегі жіптің керілуін төмендету керек.  
Келесі  операция  –  пресстеу,  яғни  ине  өзегімен  ілгек  арасындағы 
саңылауды  жою.  Трикотаж  машинасындағы  пресстеу  операциясы, 
инелерге  белгілі  бір  тәртіптілікпен  әсер  ететін  пресс  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Иілдіру  және  шығару  операцияларынан  кейін,  инелер, 
цилиндрдің  ары  қарай  айналуында,  өзінің  арнайы  формасы  бар, 
қозғалмайтын  прессті  кездестіреді  немесе  жұмыс  істейді.  Осының 
нәтиже
сінде ине тостағанына ілгектің ұшы кіреді. Престеу операциясымен 
қатар, ескі ілмектерге бекітетін құрылғының қозғалысы тоқтатылады. Ескі 
ілмек  иненің  ілгегі  бойынша  көтеріледі.  Пресстеу  операциясы  кезінде, 
жаңа  ілмек  ілгектің  ұшына  қысылып  қалмас  үшін,  ине  ілгегінің  астына 
орналасуы керек. Әтпесе бұл, ілгекке ескі ілмектің түсіп кетуін тудырады. 
Ал  келтіру  операциясы  кезінде,  ескі  ілмек,  иненің  пресстелінген 
ілгегі бойынша, жаңа қойылған ілгек бағытымен жылжиды. 
Осы уақытқа дейін ілмекқалыптастыру процесіндегі ескі және жаңа 
ілмектің  жіптері,  бір-біріне  тәуелсіз  иненің  әртүрлі  беті  бойынша 


98 
 
жылжыды.  Келтіру  операциясы  кезіндегі  жіптің  ең  соңғы  жағдайын 
келтіретін болсақ, онда ескі және жаңа ілмектер бір-бірінен ажыратылған. 
Жаңа  ілмектер,  ілгек  астында  орналасқан,  ал  ескі  ілмектер  иненің 
ілгегінде  майысып  тұрады.  Трикотаждың  жаңа  элементі  –  ілмекті  тоқу 
үшін  жаңа  жіпті  ескі  ілмек  арқылы  тарту  қажет.  Шығару  және  келтіру 
операциялары орындалғаннан кейін, жаңа және ескі ілмекті байланыстыру 
операциясы жүреді. 
Байланыстыру  –  ілгек  шыңының  ішкі  нүктесінің  ескі  ілмектің 
орналасу  кеңістігіне  сәйкес  келеді.  Осыдан  кейінгі  иненің  және  ілгектің 
салыстырмалы қозғалысы, ине ілгегінен ескі ілмектің жаңа ілмекке түсуін 
анықтайды. Бұл операция – лақтыру деп аталады. 
Ескі  ілмектер  лақтырылғаннан  кейін  жаңа  ілмектер  қалыптасады. 
Қалыптастыру  дегеніміз  –  инелерден  түсірілген  ескі  ілмектер  арқылы 
жаңа  жіптерді  тарту,  осының  нәтижесінде  жаңа  ілмектер  пайда  болады. 
Ілмекқалыптастырудың  трикотажды  әдісінде,  қалыптастыру  операциясы 
кезіндегі  жаңа  ілмектегі  жіптің  ұзындығы,  иілдіру  операциясы  кезіндегі 
ілмектегі жіптің ұзындығына тең. 
Қалыптастыру операциясымен ілмекқалыптастыру циклы аяқталады, 
яғни  нәтижесінде  жаңа  ілмек  тоқылады.  Ілмекқалыптастыру  бөлшектері, 
тоқудың  жаңа  циклын  бастайды.  Иненің  алғашқы  қозғалысы,  одан  ескі 
ілмекті тарту арқылы жүреді. Қалыптастыру операциясынан кейін инеден 
түсірілген  ескі  ілмектер,  инелерге  салыстырмалы  түрде  ілмектер  иненің 
ілгегіне  қайта  түсе  алатындай  болып  орналасады.  Бұл  құбылыс 
трикотаждың  ақаулығына  әкеп  соқтырады. Тарту  операциясы  кезіне  ескі 
ілмек,  қозғалынатын  ине  траекториясынан  алынып  тасталынады.  Тарту 
операциясы платинаның көмегімен жүзеге асырылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет