Қосарлы трикотажда екі жағының беткі ілмектері ішкі ілмектерімен
үйлеседі. Екі бетті қосарлы трикотаждың беткі ілмекті бағаналары, белгілі
бір тәртіпте ішкі ілмекті бағаналармен үйлеседі. Мұндай трикотажды
ластикті деп те атайды. Қосарлы трикотаж, екі инешегі бар екі фонтурлы
машиналарда тоқылады. Тілшелі инелі екі фонтурлы машиналарда
тоқылады. Тілшелі инелі екі фонтурлы машиналарда ілмекқалыптастыру
процесі, екі инешекте де тоқу әдісі арқылы орындалады.
Сонымен қатар тоқу әдісі, үлестіріп тұратын және жүйелі болып
екіге бөлінуі мүмкін. Үлестіру әдісімен тоқу кезінде ілмектер, бірінші бір
инешек инесінде тоқылады. Мұнда ілмектердің шамасы, екінші инешектің
инелері, бірінші инешек ілмектерінен жіпті ала отырып, өзінің ілмектерін
тоқуға болады. Үлестіру әдісінсіз тоқу процесі екі инешекте де ілмектің
жүйелі тоқылуымен сипатталады.