33-сурет. Негіздеп тоқу машинасының ілмекқалыптастыру бөлшектері Негізгі жіптерді беру механизмінің белгілеуі – тоқу кезінде
жіптердің тұрақты керілуін қамтамасыз ету және ілмекті тоқу үшін
қажетті жіп ұзындығын ілмекқалыптастыру бөлшектеріне тізбеорауыштан
жіпті беру болып табылады. Жіптің беріліс шамасын және негіз жіптерінің
керілуін тұрақтандыру үшін, жіп берілісінің жылдамдығын және жіптің
қозғалысын анықтайтын ауыпалы факторларға тәуелсіз жіпті қолдану
жылдамдығын сәйкестендіру қажет.
Жұмыс принципіне сәйкес негіз жіпті беру механизмі, ауыспалы
факторлардың қозғалысын теңгеретін автоматты реттегіш түрінде болады.
Негіздеп тоқу машиналарында қолданылатын негізгі жіпті беру
механизмдерін жұмыс істеу прициптеріне байланысты екі түрге бөлуге
болады: жіптің керілуіне байланысты негізгі жіптің беріліс шамасын
реттейтін және керілуге байланысты болмайтын тізбеорауыштан жіптің
шығу жылдамдығын реттейтін. Бірінші типті механизмдер тежегішті және
ықтиярсыз қозғалысты болып келуі мүмкін. Оларды көбінесе жіпті
берудің активті және пассивті механизмдері деп атайды.
105
Негіздеп тоқу өрімдері, бір-бірінен ілмектерінің өзара орналасуы
арқылы ажыратылады.