Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет166/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   244
Байланысты:
5 synyp

4.   зиялы  қауымды  қудалау.    1924 жылы 
В.И. Ленин қайтыс болғаннан кейін  КСРО мем-
лекетінің басына келген И. В. Сталин 30-жылда-
ры жаппай жазалау, қуғын-сүргін (репрес-
сия) ұйымдастырды. Өз халқының азаттығы 
мен егемендігі үшін  күрескен, оқыған саналы 
аза 
маттар сталиндік жазалау шара 
ларынан 
зардап шекті. Әлихан Бөкейханұлы, Ах-
мет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жү-
сіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы, 
Мұхаметжан Тынышбаев, Әбдірахман Әйтиев, 
Сақыпкерей Арғыншиев, Тұрар Рысқұлов, 
Смағұл Сәдуақасов және басқалар 1937 жылы 
жазықсыз жазаға ұшырады. Қазақ әдебиетінің 
көрнекті өкілдері – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет 
Майлин, Iлияс Жансүгіров, т.б. сталиндік зұл-
матта қаза тапты. Көптеген адамдар жер ауда-
рылды, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамалды, 
түрмелерде азап шекті, атылды.
Қуғын-сүргін құрбандарының әйелдері мен 
бала-шағасы да азап шекті. Еліміз егемендік 
алғаннан кейін ғана сталиндік зұлмат құр-
бандары ақталды. Оларды мәңгі есте қалдыру 
үшін қалалар мен ауылдарда ескерткіш қойыл-
ды. 
1992 жылдан бастап 31 мамыр – «Саяси 
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні ата-
лып, республика жұртшылығы ұлттық қаралы 
күн ретінде қуғын-сүргін құрбандарын еске 
алып отырады.
 
Алғашқы бесжылдықта Қазақстан қандай 
жетістіктерге жетті?
 
Өнеркәсіп қалай дамыды?
 
Қазақ өнерінде қандай жетістіктер болды?
 
ҚазКСР-і құрылуы туралы әңгімеле.
 
Жазықсыз жазаланған қуғын-сүргін құрбандары 
туралы не білесің?
Тұрар Рысқұлов
«Сталинге хат»
тұрар рысқұлов (1894–
1937) – көрнекті қоғам жә-
не мемлекет қайрат кері.
1926 жылдан 1937 жыл- 
дың мамыр айына де 
йін 
11 жыл РКФСР Ха 
лық 
Ко миссарлары  Кеңе сі  төр-
ағасының орынбасары 
қыз ме тін  атқарды.  Түркі-
сіб темір жолын салу 
жө ніндегі 
мемлекеттік 
ко мис сияның  төрағасы  бо-
лып, орталықтан қажетті 
қар жы, техника бөлдірді. 
1929–1932 жылдары Қа- 
зақстанда ауыл шаруа шы-
лығын 
ұжым дас  ты руда 
кет кен 
кем ші лік тер дің 
зар даптары, ел дегі аштық, 
ха 
лықтың қасіреті тура-
лы 1933 жы лы Сталинге 
екі рет хат жазған.


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет