2. Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы. Қазақ
және орыс тілдерінде хор, әдеби драма үйірме-
лері, клубтар, халық театрлары құрылды. Ақ-
төбе, Семей, Шымкент, Петропавл, Қарағанды
қалаларында театрлар жұмыс істей бастады.
1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық
өнер және балет театры ашылды.
1938 жылы республикамызда тұңғыш «Аман-
гелді» атты дыбысты фильм түсірілді. А. Жұба-
новтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы
Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. Қазақ-
тың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев-
тің «Амангелді» картинасы – қазақ бейнелеу
өнерінің жарқын туындысына айналды.
Алайда осындай жетістіктермен қатар кемші-
ліктер де болды. 30-жылдардағы жазалау нау-
қаны барысында көптеген көрнекті мемлекет
қайраткерлері мен ғалымдар, мәдениет өкілдері
жазықсыз құрбандыққа ұшырады.
Орталықтың үстемдігі, халық мүддесін еле-
меу, күш көрсету саясаты республика халқына
ауыр қайғы-қасірет әкелді.