Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет5/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§2. тарихи деректер
1. 
 
Көне заман адамдарының тұрмыс-тір-
шілігі жайлы қалай білеміз? Осыдан мыңда ған 
жылдар бұрын адамдар үйді қалай салғанын, 
немен шұғылданғанын, жауларымен қалай кү-
рескенін біз қалай біле аламыз?
Адамдар өмір сүрген жерінде қандай да 
болмасын «із» қалдырған. Ғалымдар қазба жұ-
мыстарын жүргізу нәтижесінде, Сырдария өңі-
рінде бір кездері гүлденген қалалар бол 
ған-
дығын анықтады. Қазба орындарынан ерекше 
өрнектеліп безендірілген қыш құмыралар мен 
балшықтан жасалған түрлі ыдыстар табылған. 
Қола мен темірден жасалған қару-жарақтар, 
алтын мен күмістен жасалған сырға, жүзік, 
білезіктер де жиі кездеседі. Ертедегі егіншілер 
канал құрылысын да білген, олар қазған арық-
атыз, суландыру жүйелері орнынан түрлі 
 
Жаңа пән қалай ата-
лады? Тарих ғылымы 
нені зерттейді?
 
Қазақстан тарихын 
білу не үшін қажет?
 
«Қазақстан тарихы» 
пәні дүниежүзі 
тарихының құрамдас 
бөлігі» дегенді қалай 
түсінесің?


9
құбыр сынықтары табылған. Міне, ғалымдар 
жер астынан табылған осындай түрлі заттар-
ды зерттей отырып, ертедегі адамдардың немен 
айналысқанын біле алады.
Қазіргі таңда еліміздің көптеген жерлерінде, 
әсіресе Отырар, Тараз, Сарайшық, Түркістан, 
Талхиз және басқа көне қалалар мен ежелгі 
адамдар мекен еткен тұрақ-қоныстарда қазба 
жұмыстары жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет