78
ақық, лағыл, гауһар
тастардан жасалған әшекей
бұйымдары көздің жауын алады. Ақша айыр-
бастайтындар алтын ақшаны күміске, орыс
ақшасын византия солидіне айырбастап беріп
жатты. Базардың
сол жағында аса бағалы
қытай жібектері, Бұхардан әкелінген пүліш,
Рустен келген кенеп, парсы кілемдері қо-
йылыпты. Гректің әсем ыдыстары,
хош иісті
жасмин суы мен амбра иісмайы тұр. Киев-
тен келген көпестер қару-жарақ бұйымдарын:
ою сапты семсер, дулыға, сауыт және ешкі
терісінен
жасалған қып-қызыл етіктер, шолақ
тон мен бөрік сатып жатыр. Жергілікті қазақтар
табын-табын мал, жүн, тері,
металл және басқа
да та уарларын сатып немесе айырбастап, өзіне
керекті заттарын алуда.
Достарыңызбен бөлісу: