Саяси тұрақтылық – əр түрлі ішкі жəне сыртқы өзгерістер жағдайында саяси
жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақтылығы. Ол
үшін ең алдымен экономика жоғары қарқында дамуы, халықтың əл-ауқатының үздіксіз
өсуі, табыс бөлісінде көп алшақтық болмауы, саяси тəртіптің заңдылығы мен
демократиялығы жəне т.с.с. болуы керек.
Саяси утопия – ғылыми зерттеуге емес, қиялға негізделген, іске аспайтын идеялар
мен теориялар. Ағылшынның гуманист-ойшылы Томас Мор 1516 жылы “Утопия” деген
атпен өзі ойдан шығарған аралдағы қоғамдық өмірдің құрлымы туралы кітап басып
шығарады. Бұл атау содан бастама алады.
Саяси ұйым – алдына қойған ортақ саяси мақсатқа жету үшін өзіндік құрылымы
бар, қызметтері айқындалған жəне жүйеленген адамдардың бірлестігі. Оның ерекшелігі
– жеке немесе ұжымдық мүшелері болады. Саяси ұйымның негізгі тұрпатына саяси
партия жатады.
Сенат – 1) Ежелгі Римдегі мемлекеттік биліктің жоғарғы органы ретіндегі
ақсүйектер кеңесі; 2) Ресейде Боярлар думасының орнына 1711 жылы І Петр кіргізген
жоғарғы үкіметтік мекеме. Ол І Александр кезінде жоғарғы сот органына айналады; 3)
бірқатар мемлекеттердегі парламенттің жоғарғы палатасының аты. Мысалы, АҚШ,
Бельгия, Ирландия, Италия жəне Латын Америкасының көптеген елдерінде осылай
аталады.
Сепаратизм – бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Көп ұлтты мемлекеттердегі
аз ұлттың өкілдері өзіне бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға
ұмтылуы. Ұлтазаттық қозғалыстан ерекшелігі – оның жалпыхалықтық, бұқаралық
сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды.
Сот билігі – құқықтар мен заңдар ережелеріне сүйеніп əділеттілікті қамтамасыз
ететін мемлекеттік органның билігі. Ол парламент немесе президент қабылдаған
заңдардың,
конституциялық
жарғылардың
сəйкестігін
анықтайды,
заңды
бұрмалаушылықтан сақтайды, адамдардың құқықтарын қорғайды. Сот билігін халық
немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы
билікке тəуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот
мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол
шешім толығымен күшін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |