(хафизахуллаһ) бұл хадис туралы баяндалған зерттеу еңбегінде, бұл хадистің
иснадына қатысты барлық жеткізушілерді талдай келе, бұл хадистің иснадында
t.me/orazabot
Ораза энциклопедиясы
жеңіл түрде әлсіздік барын, десе де, бұл хадисті өзгелерді ынталандыру
мақсатында, «фазаил» үшін қолдануға болатындығына рұқсат барын жазады.
Хадистің түсінігі
Бұл хадистен бірнеше мәселе мәлім болады. Біріншіден: Расулуллаһтың ﷺ Шағбан
айының соңғы күндерінде Рамазанның бірде-бір мезетін зая кетірмеу мақсатында
адамдарды арнайы ескертуі. Рамазанның құндылықтарын баян еткеннен кейін
Расулуллаһ ﷺбірнеше маңызды мәселеге назар аударды. Оның біріншісі – Қадір
түні. Расында да бұл түннің маңыздылығы үлкен. Ол жайынды екінші тарауда
арнайы айтылады. (Біз алдағы мақаламызда тоқталамыз, ред.)
Кейін Хақ Тағала Рамазан айының оразасын парыз етіп, тарауих намазын сүннәт
еткені жайында айтылды. Осыдан тарауих намазын оқу талабы тікелей Алла
Тағала тарапынан болып жатқаны мәлім болды. Кейбір хадистертегі
Расулуллаһтың ﷺ: «Мен оны, яғни тарауих намазын Өзімнің сүннәтім еттім»,-
деген сөзі осы айтылғанды растау және оның маңыздылығын арттыру болып
табылады. Осы себептен төрт мазһабтың имамдары бірауыздан тарауих намазы
сүннәт деген көзқараста болған. «Бурһан» кітабында бұл мәселені «рауафиз»-
дерден (рауафиз – діни ағым) басқа жоққа шығармайды.
Хазірет Мауләна мухаддис Дахлауи Шах Абдул-Хақ (рахимахуллаһ)өзінің «Мә
сәбәтә бис-сүннә» кітабында бірнеше фиқһ (шариғат) кітаптарынан мынадай үкім
жайында айтқан: «Егер бір қаланың тұрғындары тарауих намазын оқудан бас
Достарыңызбен бөлісу: