Ораза энциклопедиясы


тартса, қаланың әкімі олармен соғыссын»



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата09.05.2022
өлшемі251,23 Kb.
#33521
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Алла Елшісінің ﷺ шағбан айының соңында жасаған хұтбасы

тартса, қаланың әкімі олармен соғыссын». 

Ауыз  бекіту  мен  тарауих  намазынан  соң  Расулуллаһ  ﷺ   ғибадаттың  парыз  және 

нәфіл (нәфіл – парызға қосымша)  түрлерін орындағанға  көңіл аударып, Рамазан 

айындағы бір нәфіл құлшылықтың сауабы басқа айда орындалған парыз амалдың 

сауабына  тең,  ал  парыздың  сауабы  басқа  айда  орындалған  жетпіс  парыздың 

сауабына  тең  болатыны  жайында  айтты.  Осыдан  соң  біз  де  бұл  берекелі  айда 

парыз  және  нәфіл  амалдарды  орындағанға  қаншалықты  көңіл  қойып 

жатқанымызды ойланғанымыз жөн. 

Алайда  біз  көбінесе  сәресі  ішіп,  артынша  ұйықтайтын  әдетіміз  бар.  Осының 

себебінен  намазға  да  тұрмаймыз,  жамағатқа  да  бармаймыз.  Нәтижеде  Хақ 

Тағалаға  деген  шүкіршілігіміз  намаз  тәрізді  парыздың  ең  маңызды  түрін 

орындамағанға, болмаса ең кем  дегенде намаздың маңызды талаптарының бірі – 

жамағаттан бас тартқанға келіп тіреледі. 

Дін саласының заңгерлері жамағатсыз оқылған намаз кәміл емес десе, Расулуллаһ 

ﷺ: «Мешітке жақын тұратындар намазын тек мешітте оқысын»,-деген. 



t.me/orazabot

                                                                                                                   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет