t.me/orazabot
Ораза энциклопедиясы
Тағала: «Ләә иләәһә илләл-лаһ»,-деп айт»,-деді.сонда Муса : «Я, Алла Тағала!
Мұны Сенің барлық пенделерің оқиды. Мен ол тек өзім айтып жүретін сөз
болуын қалаймын»,-дегенде, Хақ Тағала: «Я, Муса! Таразының бір жағына
жеті қабат аспан мен жеті қабат жерді және ол екеуінде болғанның
барлығын қойып, екінші жағына «кәлима тоййиба»-ны, яғни: «Ләә иләәһә
илләл-лаһ»,-деген сөзді қояр болсаң, бұл сөз таразының басын тартып кетер
еді»,-деп жауап берді».
«Кәлима-тоййиба» — зікірдің абзалы. Көп хадистерден бұл зікірдің басқа
зікірлерден абзал екенін байқаймыз. Алла Тағала бұл зікірді барлығы үшін жеңіл
етіп қойған.
Хадисте Расулуллаһ ﷺ көбейтуді бұйырған екінші нәрсе ол –
истиғфар. Истиғдардың құндылықтары жайында да хадистер өте көп келген. Бір
хадисте: «Алла Тағала истиғфарды көп айтқан пендесіне кез келген
қиындықтан құтылу жолын ашып, барлық қайғыдан азат етеді. Әрі оған
күтпеген жерден ризық нәсіп етеді», — деп айтылса, тағы бір хадисте: «Кез
келген адам белгілі бір деңгейде күнәһәр болады. Күнәһарлардың абзалы –
күнәсына өкініп, тәубеге келгені», — делінген. Сонымен қатар, хадисте адам
күнә істеген шақта, оның жүрегіне бір қара дақ түсетіндігі жайлы айтылған. Егер
адам тәубесіне келсе, ол дақ өшіріледі. Болмаса, дақ тұра береді.
Осыдан соң, Расулуллаһ ﷺ Хақ Тағаладан екі нәрсені тілеуді міндеттеді.
Ол: жәннатқа кіру және тозақ отынан аман болу. Аллаһ Тағала бәрімізге осыны
нәсіп етсін!»