Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Елік айтты: — Тежеу бар ма білікке,
Айтқын, кəне, сөйлер сөзді ірікпе!
Алу керек сенен сөздің ақығын,
Білімің — теңіз, дариядай — ақылың!
Өгдүлміштің Елікке сауалы
2950 Айтты Өгдүлміш: — Елік — ойдың мекені,
Елге өнеге, білім содан жетеді.
Айтып бердім қызметшінің тірлігін,
Сыйлайтынын құл бегінің түндігін.
Қызметшіні қалай ұстау керегін,
Қайтсе олар, қандай пайда берерін.
Құлда бектің болса қанша қақысы,
Құлдың бекте болмай ма екен ақысы?!
Егер, құлдар көрсе хақын бектердің,
Ісін көріп, құл хақын бек ескергін.
2955 Қызметші дүние үшін іс қылар,
Мал таппаса — еңбегі еш, іш тынар...
277
Достарыңызбен бөлісу: |