Еліктің Өгдүлмішке сауалы
3015 Сөзін естіп, өзегіндей жасынның,
Сүйінді Елік: — Асыл тектім! Ақылдым
Кісіліктің жөнін жақсы ұғындым,
Ізгіліктің шуағына жылындым.
Өзім бекпін, ел тізгіні қолымда,
Айтқаным — заң, оңды оңым, солым да.
Бектік құрып, қуанбаспын мен енді,
Жанды бағып жүре алмаспын мен енді!
(Бұл бектіктен не қуаныш, не қайыр?
Тыныштықпен батпаса Күн не Айың?)
Бір тілегім: менімен кім жанасса,
Дəулет дарып, күші тасып, бағы асса!
3020 Сүйініш қой бекті еске алып тұрғаның,
Жақсы атақпен дұға оқыса ырзамын!
Алтын — күміс, қазына, мүлік жинадым,
Келгендіктен əскерлерге сыйлағым.
Елге үлессем жақсы атақты тапқасын,
Дұға тиіп, Алла атымды сақтасын.
Тілегім сол: қызметшім — кейінде,
Қалса байып — малға, жанға, пейілге.
282
Өзім көшсем, аман қалып бар халық,
Дұға қылса, жаны егіліп, жан налып!
Достарыңызбен бөлісу: |