«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


* * *   Елік сөзін үзді де, ойға кетті,   Қызметшісі тағзым қып, жерді өпті. * * *



Pdf көрінісі
бет113/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

* * *

 

Елік сөзін үзді де, ойға кетті,



 

Қызметшісі тағзым қып, жерді өпті.



* * * 

 

Шықты бектен қуанышы жетелеп,



 

Атын мініп  келді үйіне төтелеп.

 

Қызмет қылды күндіз-түні, еленді,



 

 Бақ қақпасын ашып, құтқа бөленді.

3070  Толысты ақыл, тереңдеді білігі,

 

Қол ұзарды, арылды  бар күдігі.



 

Дəулетімен даңқы шыққан дананың,

 

Бұл жөнінде не дегенін қарағын:



 

«Дəулет қонса, басын көкке тигізер,

 

Көкке тиген басты кімдер игізер!?



 

Келе берсе,  дəулет-дүние  жамырап,

 

Кісі көңілі өсер, жүзі жадырап.»



 

Бұл жөнінде ақсақал да  айтыпты,

 

Көкірегіне көмбе көміп қайтыпты:



3075 «Кім бай  болса, қолы соның қарымды,

 

Терісі — оң, ойлы,  тілді, алымды.



 

Малсыз ойшыл ой тартқанмен тереңнен,

 

Сөзін тияр, қанша тілді дегенмен!



 

(Сөзі қисық шыққанымен, майлы ауыз —

 

Түйе берер төреліктің байлауын!)



 

Бұл жаһанның əдеті осы  жылдардан —

 

Дəулет атты: түбі опасыз сұм жалған;



 

 

Жүзін бұрса — ажарланар жауыз да,



 

Көзін салса — өсер кішік, бауыр да.




 286

 

Дəулет келіп қонса кімнің басына,



 

Іші-тысын жөндей бастар асыға.

3080  Егер келсе, бар тілегін əкелер,

 

Даңқын жайып, ат-абырой əперер!



 

Егер кетсе, бергенін ап шығады,

 

Көктен басын  қара  жерге  тығады!



                                                                      

 

Ай, ақылды ер, дүние қуып шатылма,



 

Арбағанға сеніп бəле шақырма!

                  

 

Не қыласың түн-түнекке тұншығып,



 

Мəңгі жарық еліңе*  ұмтыл құлшынып.

 

Дүние-түннен күдеріңді үз, сабыр қыл,



 

Əсем орда, жұртыңды тап, дамыл қыл!

3085  Не дегенін тыңда, ай, жаны тазаны,

 

Барлық істе көңілі түзу дананы:



 

«Ай, құштар жан, ұста өмірдің өзегін,

 

Толып-шалқыр сонда, бақыт — өзенің.



 

Түбін ойла.  Көшер  дүние кезегі,

 

Дүние — жалған, безбесең — ол безеді.



 

Жафашыл ол, сен де оны қапа қыл,

 

Жафа шексе, ерер қойып шатағын.



 

(Қу дүние бір опасыз ойласаң,

 

Жаутаң қағар, ойыншық қып ойнасаң.)



 

Ай, адасқан, бас қатырып, желікпе,

 

Түбі — ұйық, сұм жалғанға елікпе!



3090  Иірімге түскен əрі жұтылар,

 

Қайта шықпай, тұншығар һəм  тұтылар.



 

Ұйықтан шық, жұл өзіңді жоғары,

 

Ибадатты, құлқы оңды — оңады!



 

Қайта бастар, берер тірлік берерін,

 

Тіліңді тый, ойла өмірдің тереңін!»



* * *

 

Содан бері жан пиғылын оңдады,



 

Халыққа əділ саясатты қолдады.




 287

 

Халқы оңалып, арықтары тойынды,



 

Ел сүйініп, жауы əлсіреп, жойылды.

3095  Қуаныш пен шаттықта күн өткізді,

 

Жұрт жақсы атын күллі əлемге жеткізді.



 

Осы күйде күн өткізді кенелді,

 

Бөрі менен қозы, тоқты теңелді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет