«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


* * * 3050  Сөзін үзіп,  Өгдүлміш, жерді сүйді,   Дұға қылып Елікке басын иді. Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет112/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

* * *

3050  Сөзін үзіп,  Өгдүлміш, жерді сүйді,

 

Дұға қылып Елікке басын иді.



Еліктің Өгдүлмішке сауалы

 

Сөздерді естіп ол ағынан жарылды,



 

Қолын жайып, жаратқанға жалынды:

 

Ай, мейірбан, жаппар ием, жаратқан!



 

Қиналғанда тапқан  ием,  жаратқан!

 

Сенен өзге сүйенішім жоқ менің,



 

Сенде — үмітім, сенде көңіл көксерім.

 

Шапағатың қалды ма мен көрмеген,



 

Арыз-тілек қалды ма сен бермеген.

3055  Сөзім — дұғам, шындығым бұл іштегі —

 

Сен мұңсызсың, менің мұңым бітпеді!



 

Сенен медет, сенен қуат тілеймін,

 

Тура жолға сілте, солай жүрейін.



 

Бұл Өгдүлміш ізгіліктің көбінен,

 

Артық шықты толды соған көңілім!»



 

Біліп, сенің  мейірімің  екенін,

 

Мен күніне мың шүкірлік етемін!



 

Жанын салып жүргізеді бек ісін,

 

Көбейтеді жұрт дұғасын мен үшін,



3060  Күш бер маған, енді хақын өтейін,

 

Сүйіндіріп, жанын жақын етейін!



 

Тағы да айтты: — Ақылдылар, естілер,

 

Мақтан тұтып, Өгдүлміштен ес тілер!



 

Ақыл тілер болса, тұнған ақылсың,

 

Сенімді, адал, бауырмалсың, асылсың!



 

Білік күтсе, кемел кеніш — білімің,

 

Ұшсаң — қанат, жортсаң жүйрік күлігің.




 285

 

Қызметің асып түсті ақыңнан,



 

Ешбір істі асырмадың басыңнан.

3065  Енді мен де саған қайыр етейін,

 

Тірлігімде қарызыңды өтейін!



 

Мені елеген Алла сені елесін,

 

Дəл өзімдей сүйіндірсін, жебесін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет