Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Елік айтты: — қазіргі арыз-тілегім,
Оны тауып, көріп, сенсе жүрегім!
Істің қалай келтірерсің амалын,
Маған жақын табыстырсаң, саналым!
3155 Не деп, қалай шақырамыз осында?
Кім шақырсын, ақылыңды айт, тосылма.
Хат дұрыс па, жаушы жөн бе? Өзің шеш!
Қайсысы жөн, аңда да атқар, төзім — кеш!
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Шағылмасын тауаның,
Айттың өзің сауалыңның жауабын.
Айттым ағам бар екенін, есімін,
Келер, келмес айта алмаймын кесімін.
Келсе, жақсы — сөзді қадір тұтқаны,
Келмесе егер — сөздің құны ұшқаны.
3160 Елік қапа болып қалып ғайыпта,
Бұйырмағай келіп мені айыпқа!
Достарыңызбен бөлісу: |