көмектеседі. Сыни тұрғыдан ойлауды оқыту көбінесе оларды өз пікірлерін
тұрғыдан асыл қасиеттерді қалыптастыруда атқаратын рөлі зор. Шәкірттердің
80
бойындағы құндылықтарды айқындау мақсатында ой қозғау, ояту, ой жинақтау
стратегияларын жүзеге асыру жақсы нәтиже бермек. Мұғалімнің кәсіби
біліктілік дәрежесі оқушының бойына жаңалыққа құштарлық сезімін ұялатып,
білген үстіне біле түсуге, білімін тереңдете түсуге жетелейді. Сабақта игерілуге
тиісті материалдарды өту кезінде әр оқушының жеке қабілетіне сүйенеді, ойын
тұжырымдауға ерік береді, сол күнгі сабақ үстіндегі жағдайды ескеріп жедел
шешім қабылдап, қайта қалыптастыра біледі. Сабаққа барлық оқушыларды
қатыстыра отырып, диалог, әңгімелесу негізінде нәтижеге қол жеткізеді.
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау және оқуды бағалау–оқыту
процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруға, алға қадам басуына және
оған қолдау көрсету үшін әсер етеді. Егер мұғалім өз пәнін жақсы білсе, онда
оны оқушының бойына сіңірудің дұрыс әдіс–тәсілдерін табады. Қазақ
зиялыларының бірі Ахмет Байтұрсынов кезінде былай депті: «Бала білімді
тәжірибе арқылы алуы керек. Мұғалімнің қызметі –балаға орындалатын
жұмыстың түрін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін
бағыт– бағдар беріп отыру». Мен өз сабағымда оқушыға бағалау парақтарын
қолданамын. Сол себептен әр сабағым түсінікті, әрі қызықты өтеді. Сабақ
жүргізу кезіндегі мұғалімнің біліктілігі мен білімділігі, оның өз кәсібін меңгеру
деңгейінің жоғары болуы шәкірт жүрегінен орын табуға көмектеседі. Егер
оқушы, мұғалімге және сыныптастарына өзінің дәлелді ойларының
дұрыстығын жеткізе алса, онда мұндай баланың бойында өзін–өзі бақылау
қабілеті қалыптасқан деп айтуға толық мүмкіндік бар. Бұндай оқушы сабақтың
сәтті өтуі үшін аса ынталы болады әрі өздерін соған жауапты сезінеді. Осындай
қағидалармен дайындығына аса жауапкершілікпен қараған мұғалімнің
жүргізген сабағы күтілген нәтижеге қол жеткізеді [2].
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық–коммуникациялық технологияларды
пайдалану – соңғы кезде мұғалімдерге сабақ берудегі көмекші құрал ретінде
сәтті жүргізіліп келеді. Мүмкін, оқулық көлемінде ғана шектелген білім,
оқушының теориялық білімін күнделікті өмірімен, тәжірибемен ұштастыру, өз
бетімен ойлану, өздігінен іздену кезінде мүмкіндігін тежейтін шығар. Себебі,
кәзіргі заманғы білім үрдісі күнделікті өмірде болып жатқан сан–алуан
жаңалықтармен, өзгерістермен, адамзат баласының ақыл–ой жетістіктерімен
толықтырылып жүзеге асыруды қажет ететін сияқты. Сондықтан білім беру
саласында оқыту мен оқудың жаңа үлгісі мен жаңа жетістіктері жұмыс істей
бастады. Бүгінде еліміздегі ақпараттық алмасу дегеніміз–ақпарат, жаңалық, ал
коммуникациялық дегеніміз–байланыс, қатынасты білдірсе, технология
дегеніміз –іскерлік пен шеберлік екенін жоғарыда айтқанбыз. Осылардың
бірлескен жұмысы ақпарат алмасу тәсілдерін желіде орындау –интернет
желісінде бірлескен жұмысқа қатысу ұғымдарын білдіреді екен. Ал қазіргі
уақыт қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуымен
ерекшеленеді. Осыған байланысты өзгерістер ақпараттық–коммуникациялық
технологияларды ескере отырып ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен
жүйелерін пайдалануды мақсат етіп қояды. Осы орайда білім саласына
ғаламтор желісі, ноутбук, интерактивті құралдарды қолдану, электронды
81
оқулықтар қолданысқа келді. Қазіргі ғасырдағы қойылып отырған ең өткір
мәселелердің бірі –бүгінгі ғасырдың оқушысын қалай оқыту керек?. XXI ғасыр
–ақпараттандыру ғасыры. Оқушылардың осы ақпарат жетістіктерін жан–жақты
пайдалануды игеріп кетуі қоғамдағы өзгерістер мен процестерді меңгеруді
жеделдетеді және жеңілдетеді. Ал бүгінгі жас буын қоғамда жүріп жатқан
ақпаратты техникалық құралдардың көмегімен тез қабылдайды. Ендеше бұл
өзгеріс біздің оқыту жүйемізге тың серпін мен жаңа екпін береді.
Достарыңызбен бөлісу: