5. Талантты және дарынды балаларды оқыту –барысында олардың
қабілеті мен талантын ашу өте маңызды. Дарындылық оқушының өз бейімділігі
арқылы қалыптасатын қасиет. Оқушының дарындылығын анықтап, олармен
жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек?. Ол үшін мұғалім оқушыға жан-
жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардың дарындылығын, қабілет
мүмкіндіктерін айқындай алады. Біз бұл орайда олардың қажеттіліктерін
түсінуге қатысты ой–пікірлерін және оқыту мен оқудың сараланған
стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтимыз. Дегенмен дарынды
оқушылардың басқа балалардан ерекшеліктері қандай?. Оқушылар өзін еркін
ұстайды, жүргізілген сабақтар арқылы сенімділікпен жұмыс атқарып көп сұрақ
қояды, өзінің дәлелдеуі басқалардан басым болады, қарсы айтылған пікірлерді
бағалап өз идеясымен тұжырым жасайды, өз ойын ашық айтады, бір сөзбен
айтқанда бар ынтасымен оқуға беріледі. Нәтижесінде күрделі, әрі қиын
сабақты тез түсінеді. Дарынды және талантты оқушы сабақты өзі талдайды,
мұғалім тек бағыттаушы қызметінде көрінеді.
Альберт Эйнштейн: «Мен ешуақытта өз оқушыларыма еш нәрсе
үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» десе, Сенека:
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз», –демеп пе еді. Ал ұлы
ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талант дарынсыз
ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол
бермеуі керек».
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқудың –
әлемдік өркениетке сай сапалы білім беруді көздеген білім беру жүйесінде
түрлі жастағы балалардың жас шамасына қарай бейімделген сындарлы диалог
жүргізуді қарастырамыз. Диалог– сөйлеудің ең негізгі түрі болып саналады.
Мұғалім оқушымен әңгімелесу арқылы оған ойын жинақтауға көмек береді.
Сабақ тартысты өтеді. Оқытушылардың тақырып бойынша жинақтаған ойлары
олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Әр оқушының сабаққа қызығушылығы,
дүниетанымы, ойлау қабілеті, от басындағы даму ерекшеліктері әр түрлі.
Сондықтан оқушыларға әр түрлі талап қоюға тура келеді. Олардың өлеңдерін,
эсселерін, шығармаларын оқу кезінде, оқырманға ой–пікірін ашық, ішкі
дүниесін анық, еркін жеткізетінін байқайсың. Бұл ерекшелік оқытудағы қазіргі
заманғы әдіс–тәсілдерді қолдану негізінде қол жеткізген мүмкіндіктер.
7. Оқытуды басқару мен көшбасшылық –мұғалім енгізетін өзгерістер
тарапынан қарастырылатын білім сапасын арттырудың бірден–бір жолы.
Бүгінде мұғалімдердің тәжірибесі мен біліктілігінің, беделі мен абройының
қоғамда алар орны ерекше. Американдық психолог Чарльз Моррис даналық
82
сөздерінің бірінде «Көре біл». Адамдар қайда баратынын білетін кісінің
соңынан ереді, олар неге сол жаққа бара жатқанын білгісі келеді. « Сабырлы
бол». Дағдарысты жағдайда байсалдылық таныт. Бұл басқалардың көңілін
тыншытып, ойланып қимылдауына түрткі болады. «Тәуекел етуден қорықпа».
Көш басшы өз бағыныштыларын тәуекелге баруға ғана емес, сондай-ақ жаңаны
іздеу кезінде жіберілген кәтеліктерді ашық мойындауға үйретеді. «Сарапшы
бол». Әркім қызмет сатысында мынаған сенімді болуы керек: көшбасшы ең
болмағанда өздерінің білетініндей біледі. «Түрлі ой-пікірлердің болуын
көтермеле». Егер сенің айналаңдағы адамдар саған тек «ия» дейтін болса, онда
не сен, не олар өз орнында отырған жоқ» деп ескертеді табыс формуласында.
Ал Фирдоуси «Игі мақсатқа тура жүргендер жетеді» деп тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін жасаған. Бұл ғұламалардың біздің пікірлерлерімізбен
астасатын тұсы оқытудағы құзіреттілік пен жаңаша ізденістер жасау қасиетін
білім беру үдерісіне енгізе отырып білім алушының рухани қасиетін сақтап
қалу. Қоғам жедел даму үстінде. Оқыту жүйесі өзгеруде. Қазіргі заманғы білім
беруге қойылатын басты талап–сапалық. Сондықтан мұғалім көшбасшылығы
оның сыни тұрғыдан ойлана білу қабілетін әр қырынан көрсетіп, деңгейін
танытады.
Мен жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс істегеннен бері оқу
мен оқытудың жаңа тәсілдерін сабақтарға кіріктірудің өте тиімді екеніне көз
жеткіздім. Ал сыни ойлаудың соңғы кезде жиі келтірілетін маңызды
тәсілдерінің бірі адамдардың өз бойындағы қабілеттерін өзіндік ізденісі арқылы
дамытуы. Бұл терең мағыналы идеяның астары «Әр ісіңе сыни тұрғыдан
ойланып яғни сын көзбен қарап мініңді түзеп, түбегейлі өзгеріс жаса» дегенді
меңзейді. Менің сабақ өткізу мәнерімде көп өзгерістер бар. Оқушыларымның
бойында шығармашылық пікір қалыптасты. Өз ойларын толық жеткізіп, өзгенің
пікірін тыңдап, оған өз ойын қосып тұжырымдай алатын болды. Оқушыларыма
сыни тұрғыдан ойлауды оқыту арқылы халық даналығы мен өсиеттерін
үйретуге көңіл бөлдім. Еліміздің ертеңі–бүгінгі жас ұрпақ. Туған жердің
тұғыры биік, босағасы берік болсын деген әрбір саналы азамат, бүгінгі жас
ұрпақтың бойынан ел мен жерге, ұлт пен тілге деген сүйіспеншілікті байқаса,
бәсекелестікке төтеп бере алатын өзіндік көзқарасы бар тұлға болып
қалыптасқанына көз жеткізгені болар еді.
Әлемдік дамушы күш біздің қоғамда бәсекелестікке негізделген. «Біз
дамыған елдердің қатарына қосылу үшін жаңа серпілістер жасауымыз керек.
Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім
берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп
тұр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін,
білікті мамандар ұсыну маңызды» – деп тапсырма берді Елбасымыз кезекті
жолдауында [1].
Елбасымыздың бұл тапсырмасы жолдаудағы басым бағыттардың бірі.
Жолдаудағы мәңгілік ел идеясы осы мақсатты істерді іске асыру барысында
мұғалімдерге жаңа жауапкершілік артады. Білімі мен ғылымы дамыған ел ғана
83
өркениетті ел болуға сенімділік таныта алады. Ал мәңгілік ел идеясы ертеңге
сенімділік.
Библиографиялық сілтемелер
1. Назарбаев. Н.Ә. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
//Егемен Қазақстан.–2014.
2. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл».//республикалық ғылыми–
әдістемелік журнал.–Алматы.–2013.№1
3. Тұрсынова.Г. Қазақ тілі әдістемелігі.–Астана:«Арман-ПВ» б–сы.–2012.
4. Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық.–Астана:« «Назарбаев Зияткерлік
мектебі» ДББҰ.–2012.
Достарыңызбен бөлісу: |