Лоуренс
Стенхауз сөзімен берсек,
«мектеп әлемін ішінен өзгерткен мұғалімдер, мектептің өзін де
өзгерте алады»
28
.
ШЖМ-де білім беру сапасына әсер ететін факторларды зерделеудің келесі қадамы
педагог кадрлардың сандық және сапалық құрамын талдау болып табылады.
Елімізде барлығы 329 623 педагог қызметкерлер бар, олардың ішінде 59,3% немесе
195 306 мұғалім – ауылдық жерде тұрады. ШЖМ педагогикалық корпусының сандық және
сапалық талдауы келесі жағдайды аңғартады, 2019–2020 оқу жылы ШЖМ-де 15% (49 407)
педагог кадрлар қызмет атқарды. Олардың ішінде 40 254 адам (81,5%) жоғары білімге ие
мамандар болса, оның 9 070 (18,5%) техникалық және кәсіби мамандық иелері. Жалпы білім
беру мектептерінен кейін, ШЖМ-ге келіп жұмыс жасап жатқан педагогтар 83 (0,2%). Магистр
деңгейін алған мұғалімдердің саны қала мектептерінде 3 есе көп. Ауылдық мектептерде
33,8% магистр жұмыс жасайды, бұл еліміздегі барлық ауыл педагогтарының жинақтап
алғандағы 1,2% құрайды.
ШЖМ педагогтарының біліктілік сипаттамасы салыстырмалы түрде төмен. Еліміз
бойынша жоғары категориялы (ҚР – 23,7%) педагогтардың орташа көрсеткіші – 14,8%
болса, мұндағы ШЖМ педагогтарының үлес салмағы 1,6 есе аз. ШЖМ-нің барлық
педагогтары есебімен алғанда, бірінші категориялы педагогтардың үлесі 34%, екінші – 25,8%
құрайды. ШЖМ педагогтарының 25,4% категориясыз, яғни ешқандай категориялары жоқ.
Педагогтардың неғұрлым төмен квалификациялылары Шығыс Қазақстан (12,1%), Солтүстік
Қазақстан (12,1%), Ақмола (11,7%), Қостанай (10%) облыстарында
29
.
ШЖМ педагогтарының төмен біліктілік сипаттамасы, олардың кәсіби деңгейін арттыру
бағытындағы қызметті күшейту талабын қояды.
Қазақстанда бұл мәселені 1991–2002 жылдары А. Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетінің базасына қарасты Республикалық оқу әдістемелік орталығы
(РОӘО) тиімді жүзеге асырды. РОӘО республикадағы ШЖМ-нің ерекше жағдайларында
педагогикалық процесстерді басқарудың, оқу процессін ұйымдастыру бойынша
инновациялық бағыттарды таныстыру мен таратудың, оқушыларды тәрбиелеудің,
ауыл мектептерінің жаңа модельдерін құрудың тиімді тәжірибесін жинақтаған нақты
іскер орталық болды. РОӘО жоспары бойынша еліміздің облыс орталықтарындағы
университеттер базасында халықаралық және республикалық семинарларды ұйымдастыру
және өткізу тәжірибесі (1991 ж. – Қарағанды, 1992 ж. – Қостанай, 1994 ж. – Қызылорда,
1995 ж. – Орал, 1996 ж. – Жамбыл, 1997 ж. – Көкшетау, 2002 ж. – Өскемен) жемісті жүрді,
әр облыс өз өңіріндегі ауылдық ШЖМ жұмыс тәжірибесімен бөлісіп отырды. Аталған ұйым
тек Қостанайдың аудандық орталықтарымен ғана емес, республиканың өзге облыстарында
ШЖМ мұғалімдерімен кездесулер және жылжымалы семинарлар ұйымдастырды
30
.
28
Аналитический отчет «Учителя Казахстана: почему молодые люди выбирают эту профессию и что их мотивирует
оставаться в ней?»: Ирсалиев С. А., Камзолдаев М. Б., Ташибаева Д. Н., Копеева А. Т. – Астана: Общественное
объединение «Центр анализа и стратегии «Белес», 2019. – Б. 8.
29
Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан (по итогам 2018 года). –
Нур-Султан: МОН РК, АО «ИАЦ», 2019. – Б. 106, 108, 109, 119, 195.
30
Республикалық оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері, п.ғ.к., ҚМПУ доценті Р. С. Ищановамен сұхбаттан.
18
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |