Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
ЖІӨ өсу көрсеткіштерінің болжамдары келтірілген. ҚР 2019 ж. ЖІӨ өсу сценарийі нақты
жағдайлармен сәйкес келеді және 3,5% құрады (ауытқу 0,1%), ал 2020 және 2021 жж. – 3,2%
құрайды
18
. Неғұрлым толық көріністі ұсыну үшін Қазақстанның білім алуға жұмсалатын
шығындарын елдің бүкіл тәуелсіздігі кезеңімен, тарихи тұрғыдан қарастырып көрейік:
Диаграмма 7. ҚР білім беру шығындары
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
Қаржыландыру көлемі, млн тг
ЖІӨ-ге %
11
94
1 228
13 545
42 053
50 946
74 186
70 221
78 891
87 371
103 076
118 977
149 549
195 574
261 736
331 503
480 696
641 060
746 477
797 414
1 000 285
1 255 606
1 284 423
1 392 356
1 478 882
1 468 082
1 843 200
1 948 500
2 332 000
6,4
4,2
4,2
4,1
4,1
4,1 4,5
4,4
4,2
3,6
3,2
3,4
3,4
3,2 3,2
3,2 3,5
3,6
3,6
3,9
3,9 3,9 3,7 3,7 3,4
3,1
3,6
3,2 3,3
ҚР тәуелсіздігі жылдарының ішінде білім беруге арналған шығыстар ЖІӨ-нің 3% төмен
түспеді. Орта есеппен 1991 жылдан білімге құйылған инвестициялар ЖІӨ-нің 3,8% құрады.
2012 жылы Қазақстан ЭЫДҰ елдеріндегі қаржыландыруға және БҰҰ-ның ұсынысты ЖІӨ 4,5%
ұстанымдарына жақын көрсеткіштерге таяп келеді. 1991 жылы ЖІӨ-де барлығы 85,8 млн
теңге, көрсеткіш 6,4% тең болған еді.
Білім беру саласындағы қаржыландыру көлемінің ұлғаюы елдің ЖІӨ өсуіне
пропорционалды болып келеді. Бұл ретте орта білім беруге арналған шығындар Қазақстан
тәуелсіздігінің бүкіл кезеңі бойына мемлекеттік шығындар жүйесіне құйылған қаржының
елеулі бөлігін қамтиды. 2012 жылы 1,9% және 2013–2015 жылдардағы 1,7% болған 4 жылдық
кезеңді есепке алмағанда, соңғы 20 жылда орта білім беруге бөлінген инвестициялар
тұрақты түрде ЖІӨ 2% құрады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға, техникалық және кәсіптік
білім беруге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған қаржыландыру
көлемі ЖІӨ 0,5% асқан емес
19
.
Орта білім беруге жұмсалатын шығыстарда тепе-теңдік қағидатын және мектептер
арасындағы қаражатты бөлудің пропорционалдығын ескеру қажет. Алайда, ЭЫДҰ
зерттеулері атап өткеніндей, Қазақстанда білім берудің элитарлығына назар аударылады,
бұл әділдік және сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге кедергі келтіреді. Назарбаев Зияткерлік
мектептері (бұдан ары – НЗМ) дарынды білім алушыларды қалай қабылдаса, дәл солай үздік
18
Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан (по итогам 2018 года) /
М. Атанаева, М. Аманғазы, Г. Ногайбаева, А. Ахметжанова, М. Шакенова, Г. Карбаева, Ж. Джумабаева, Н. Касымбекова,
М. Даулиев, Д. Абдрашева, А. Кусиденова. – Нур-Султан: МОН РК, АО «Информационно-аналитический центр», 2019. –
Б. 40–41.
19
Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан, 2016 год. – Астана: АО
«ИАЦ», 2017. – Б. 26.
15
Қазақстандағы ШЖМ: жалпы сипаттамасы
1-тарау
мұғалімдерді қабылдай отырып, жалпы білім беретін қарапайым мектептерге қарағанда үш
есе жоғары қаржыландыру алатыны белгілі
20
.
Ауылдық ШЖМ-ды қаржыландыру туралы ақпараттардың қайшылықты тұстары
кездеседі. «Қаржылық орталық» АҚ президенті А. И. Ибраимов сандық көрсеткіштерді
алдыға тарта отырып, ШЖМ-да бір баланы қамтамасыз етуге 1 млн-нан 3 млн-ға дейінгі
бюджет қаражаты жұмсалатындығын хабарлайды. Қалада бір баланы оқытудың өзіндік құны
шамамен 200 мың теңге. «Егер салыстыратын немесе ұқсастық іздестіретін болса, онда
беделді жоғары оқу орындары КИМЭП және Қазақстан-британдық университеттері
сияқты, бір студентке қаншалықты шығын есептелсе, ШЖМ-де дәл сондай» – деп
қорытындылайды Асқар Ибраимов
21
.
Зерттеулер көрсеткеніндей, ШЖМ-де бір оқушыға жұмсалатын нақты шығындар
қаламен салыстырғанда, орташа есеппен 4 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысының
басшысы
Достарыңызбен бөлісу: |