Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет64/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы

жарақтандыруға  жұмсалады.  Мұғалімдер  мен  ШЖМ  директорларының  педагогикалық 

әлеуетін  күшейту  үшін  арнайы  бағдарламалар  дайындалады,  олармен  200  мыңнан  астам 

мұғалімдер  мен  ауыл  мектептерінің  басшыларын  қамту  жоспарлануда.  Жоба  алдын-ала 

2020  жылдың  соңына  дейін  есептелген,  бірақ  осы  жылдың  басында  ол  2023  жылға  дейін 

ұзартылды.

2019  жылдың  қорытындысы  бойынша  оқулықтар  сапасын  сараптау,  бағалау  жүйесін 

күшейту, мектептерді тексеру, инклюзивті білім беру моделін әзірлеу бойынша техникалық 

тапсырмалар  әзірленді.  Білім  беру  ұйымдарын  қажетті  техникамен  қамтамасыз  етуге 

қатысты, өткен жылы 16 педагогикалық ЖОО робототехника зертханаларымен жабдықталды, 

педагогикалық  ЖОО-лардың  педагогтар  құрамы  мектептердегі  STEM  оқыту  әдістемелеріне 

оқытылды

105


.

Осылайша,  жоба  әлі  күнге  дейін  қазақстандық  орта  білім  беру  жүйесіндегі 

қалыптасқан  жағдайды  зерделеудің  сатысында  тұр,  ауыл  мектептерінің  қажеттіліктерін 

айқындау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді, әртүрлі техникалық тапсырмалар әзірленді 

және мектептерді жарақтандырудың әдістемелері мен жиынтықталуы айқындалды.

Бүгінгі  таңда  барлық  бөлінген  қаражаттың  0,83%  игерілді,  онда  несие  бойынша 

пайыздар,  комиссиялық  алымдар  1,12%  құрайды.  ДБ-ға  825000  АҚШ  доллары  несие 

қаражаты  бөлінді,  комиссиялық  алымдар  мен  олардың  проценттері  561200,9  құрайды. 

Дүниежүзілік  банктен  67  млн  АҚШ  доллары  мөлшеріндегі  несие  резервте  тұр.  Ал  елдің 

бюджетінен  Дүниежүзілік  банкке  күніне  458  доллар  мөлшерінде  өсімпұл  мен  айыппұл 

төленеді, бұл жинақтар жинақтап алғанда бір жыл ішінде 150 мың АҚШ долларын құрайды. 

Сонымен қатар, БҒМ шенеуніктері үкіметтен ауыл мектептеріне компьютер сатып алуға тағы 

74 миллиард теңгеге өтініш түсірді

106


.

Жалпы  алғанда,  өте  перспективалы  жобалар,  әрі  оларды  жүзеге  асыру  COVID-19 

пандемиясын ашқан үлкен олқылықтар мен мәселелерді шешуге бағытталар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет