ҰСЫНЫСТАР
Халықаралық зерттеулер қорытындысы бойынша:
– халықаралық зерттеулерде болған барлық тапсырмаларды (TALIS, PISA, ICILS, т. б.),
мектептің оқу бағдарламаларына енгізу қажет. Аталған тапсырмалар мен материалдарды
жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы үшін қолдану;
– кітап оқу және оқырмандық сауаттылықты арттыруды мемлекеттік идеология
деңгейіне көтеру, ауылдық мектептер мен балаларға кітап тарату, ауылдық жерлерде
кітапханалар, оқу залдарын ашу жөніндегі азаматтық бастамаларды, волонтерлік
қозғалыстарды қолдау;
– Қазақстандағы әрбір білім алушыны қаржыландыруды ұлғайту және ЭЫДҰ
елдерінің орташа көрсеткіші деңгейіне жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |