Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


ШЖМ қызметін нормативтік-құқықтық сүйемелдеу бойынша



Pdf көрінісі
бет97/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

ШЖМ қызметін нормативтік-құқықтық сүйемелдеу бойынша:

–  2010–2011  жылдары  ҚР  ШЖМ-ды  дамытудың  2010–2020  жылдарға  арналған 

тұжырымдамасының  жобасы  әзірленді,  алайда  осы  кезең  ішінде  аталған  тұжырымдама 

ведомстволық мемлекеттік органдармен қаралмаған (ҚР БҒМ, ҚР Үкіметі) жоба болып қала 

берді. Сондықтан қазіргі күннің шынайылығын ескере отырып, жаңа тұжырымдама әзірлеу 

және оны міндетті түрде заңдастыру, ал ШЖМ-дерге ерекше мәртебе беру қажет;

–  ҚР барлық БҒДМБ талдауы бағдарламаларында, ҚР БҒДМБ-ның өткен жылдардағы 

қорытындылары  мен  нәтижелері  жеткілікті  дәрежеде  жалғасын  таппағандығы,  негізінен 

білім  беру  саласындағы  жетістіктерімен  шектелгендігі  анықталды.  Осыған  байланысты, 

бағдарламалардың  негізгі  белгіленген  мақсаттары  мен  алдыға  қойылған  міндеттерін  іске 

асыру  кезіндегі  қиындықтарды  толығырақ  сипаттауды,  сондай-ақ  жаңа  бағдарламаны 

қабылдау тұсында, ШЖМ жағдайын ескеруді ұсынамыз;

–  қандай  да  бір  жобаны  немесе  бағдарламаны  іске  асыру  кезінде  қол  жеткізуге 

болатын  және  анық  жазылған  индикаторлардың  болуы  олардың  аса  маңызды  тармағы 

болып  табылады.  ҚР  2020–2025  жылдарға  арналған  БҒДМБ  талдауы  ШЖМ-ге  қатысты 

бағдарламада  нысаналы  индикаторлар  жазылмағанын  анықтады.  Дәл  осындай 

индикаторлардың  болуы  қойылған  мақсаттардың  және  тиісті  шаралардың  орындалуының 

және  іске  асырылуының  кепілі  болып  табылады  деп  есептейміз.  Бұл  мәселені  болашақта 

ескеру қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет