6-
мәтін
Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан
оянып, бір ағашты шауып бітсе, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара
кешке дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты ішуді
де ұмытып кететін болыпты. Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне қайтады
екен. Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая
бастағанда, үйіне қайтып кететін болыпты.
Бір апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, екеуі бір апталық ағаштарын .....
көрмекші болыпты. Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек болып
шығыпты. Тыным таппай еңбектенген бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан
мұның сырын сұрайды. Екінші адам сәл ғана езу тартып былай деп жауап қатады:
–
Мұның сен ойлағандай ешқандай сыры жоқ. Сен еш тынбай еңбектенесің. Ал
мен кей-кейде тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу
жұмысты жеңілдетеді әрі шаршамайсың,
–
деп жауап беріпті.
Өз-өзіңді жетілдіру балтаны қайрағанға ұқсайды. Өз-өзімізге уақыт бөліп, істің
көзін табуымыз керек. Кемшіліктеріміз болса, толықтырып жетілдіре түсуіміз қажет.
Бұл рухани жан-дүниеміз бен ой-өрісіміздің кеңеюіне көп септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |