5-
мәтін
АҚШ-тың Apple компаниясында істейтін Моңғолия қазағы Әйгерім
Сәулетқанқызы бала күнінен бастап бұзылған жабдықтарды жөндеуге құмар болғанын
айтады. Әйгерім Сәулетқанқызы – АҚШ-тың Apple компаниясында жұмыс істеп
жүрген санаулы Моңғолия қыздарының бірі. Бағдарламалар инженері болып істейтін
Әйгерімнің мұнда келгеніне шамамен жарты жыл болған.
“Сынақтардан сүрінбей өтіп, бірден қатардағы қызметкер болып
қабылданғанын” айтқан программист қыз бұл мақсатына жету үшін көп
дайындалғанын айтады.
– Apple
компаниясында 123 мың адам қызмет жасайды. Барлығы әлемдік
деңгейдегі білікті инженерлер. Өзіңнен тәжірибелі, білімге құштар адамдардың
жанында болсаң, өсе бересің, дами бересің. Менің негізгі қойған мақсатым – өзімді
дамыту, тәжірибе жинақтау, – дейді ол біздің тілшімізге.
Әйгерімнің жоғары оқу орнын бітіргеніне көп болмапты. Бір жыл бұрын ол
АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы Солтүстік Америка университетін (North American
University) ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы
осы университеттің грантын жеңіп алған. Грант беру кезінде барлығы – кандидаттың
жеке мотивациясы мен мүмкіндіктері де ескерілді дейді ол.
–
Мен көп жерге құжаттар жібердім. Жапония, Түркия, Ресей және АҚШ
университеттеріне жібердім. Бәрінен қабылдай алатындары туралы жауаптар келді.
Бірақ басқасынан күтсем де, Хьюстонға барамын деп ойлаған жоқ едім. Таңдау еркі
өзіме түскендіктен, АҚШ-қа аттандым, – дейді Әйгерім.
–
Мен әлі жас маманмын – білмейтінім көп, тәжірибем аз. Бала күнімнен
бүлінген заттарды қайта құрастырып, жөндеуге асығатынмын. Сол себепті де осы
салаға ерекше құштар болдым. Өйткені компьютер саласы қандай да бір сұрақтың
түйінін логика арқылы жүйелі түрде шешумен ерекшеленеді. Бірақ осы салада қызмет
істейтін қыздар өте аз. Сондықтан болар мен де қобалжыдым, қорықтым. Бірақ
анамның қолдауының арқасында Моңғолия қыздарының арасынан алғашқы болып
Apple компаниясында жұмыс істеген адам ретінде өзімді абыроймен айта аламын, – деп
сөзін түйіндеді.
Достарыңызбен бөлісу: