ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет24/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Ынталандыру сыйлығының иегері
Қойбағарова Батима
Талдықорған қаласы
бәРі дЕ, бәРі АллАдАн
Тіршілік тынбас қайнаған,
Көз тартар гүлдер жайнаған,
Қанатты құстар самғаған
Бәрі де, бәрі Алладан.
Мөп-мөлдір бұлақ сылдыры,
Қоңырау-жездің сыңғыры,
Домбыра – күйдің  күмбірі
Бәрі де, бәрі Алладан.
Теңіздің жал-жал толқыны,
Найзағай сүңгі жарқылы
Мезгілдің соғар салқыны
Бәрі де, бәрі Алладан.
Жарысып, бұлттың көшкені,
Тамшының тасты тескені,
Тас жарып,гүлдің өскені
Бәрі де, бәрі Алладан.
Нәсілдің қара, ақ түсі,
Тағдырдың ащы-тұщысы,
Пенденің әлсіз-күштісі
Бәрі де, бәрі Алладан.
Сәбидің былдыр уілі,
Лайлы судың тұнуы
Бауырдай,сүттің ұюы
Бәрі де, бәрі Алладан.


52
Аллаға мадақ
Құмырсқа үйген илеуі
Бұралып қайың билеуі
Құмдардың ән-сап үрлеуі
Бәрі де, бәрі Алладан
Көбелек қанат өрнегі
Өрмекші тоқып өрмегін
Қарлығаш-ұя өргені
Бәрі де, бәрі Алладан
Түз Қыран-көк мұз,ақ қарда
Жұмыртқа жарып ақпанда
Балапан шығар ақ таңда
Бәрі де, бәрі Алладан
Құс жолы-бағдар сайраған
Жұлдыздар жалт-жұлт жайнаған   
Ай-шамды көкке байлаған
Бәрі де, бәрі Алладан   
Шегіртке шексіз шырылы
Нөсерлеп жаңбыр құюы
Шөлмектің бір күн сынуы
Бәрі де, бәрі Алладан
Түйме бас, жылжып ирелең
Қоңыз жүр, қиды сүйреген
Балара жақ та дүрбелең
Бәрі де, бәрі Алладан.


53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет