Алладан асар шебер жоқ
Жер беті, жаһан дүние мына әлемің,
Тұр ғой әр кез адамға беріп сәлемін.
Қоршаған орта, аң құсың бәрі күнәсіз,
Адамнан ғана барлығы жаман бәленің.
Жаратқан Алла аспанға күнді орнатқан,
Шуағы бөлеп тұрсын деп бәрін жан-жақтан.
Ұлығын айт деп сұрағын тәңір Алланың,
Даланы кезіп желменен ұшқан қаңбақтан.
Тауларға қарап таң қалам көкпен таласқан.
Алланы айтып зікір ғып тұрған ала аспан!
Жаңбыры жауса жеріне құнар беретін,
Барлығы заңмен, бірімен бірі жарасқан.
43
Таңдаулы діни өлеңдер
Құстарға қарап қанатын жайып қалқыған,
Еркіндік көрем шеті жоқ шексіз шалқыған.
Бұлда бір шіркін құдіреті шексіз тәңірдің,
Соларды көріп жүрегім жылап, балқыған.
Күн батқан кезде төңіректі түнек басқанда,
Орнатқан айды жарық қып алып аспанға.
Тәңірдің күші осы ғой нағыз ұлылық,
Сәуле кеп түсер алыста тұрған тастан да!
Жымыңдап тұрған жұлдыздар қандай моншақтай,
Түнгі аспанда жарқырап жатыр мұң шақпай.
Әсемдік осы жалғаса береді тоқтаусыз,
Шығыстан нұрлы шырағын төгіп күн шықпай.
Осыны түсінген адамдар хақтан сый алсын!
Адастырар адамды жолдан қиял сұм!
Қиялдап білем дегендер хақтан қорықсын!
Шебермін деген, шебермін деуден ұялсын.
Себебі Алла ең шебер ұлы жаратқан.
Құдыретін оның зерттеуге әр кез талаптан.
Ең ұлы шебер Алладан асқан шебер жоқ,
Қалаған құлын құбылаға қарай қаратқан.
|