ҚҰҚЫҚ негіздері


 Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк



Pdf көрінісі
бет101/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

7.7 Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк 

        Егер  заң    бойынша  мұрагер  мұра  ашылғанға    дейiн  қайтыс  болса,  ашылатын  

мұрадағы оның үлесi ұсыну құқығы  бойынша оның ұрпақтарына ауысады.  Қайтыс 



141 

 

болған мұрагердiң үлесi заң бойынша мұрагер ұсынған  туыстығы бiрдей дəрежедегi 



ұрпақтар    арасында  тең  бөлiнедi.  Тiкелей  өзiнен  тарайтын  туыстық  бойынша 

мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығы туыстық дəреже шектелмей қолданылады, ал 

көлденең туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығын тиiсiнше оның 

туған  аға-iнiлерiн  (апа-сiңлiлерiн,  қарындастарын)  ұсына  отырып,  мұра 

қалдырушының  жиендерi  не  оның  туған  немере  ағасын  немесе  апасын  ұсына 

отырып, немере аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) алады.   



Мұра  қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар   

 Мұра    қалдырушы  қайтыс  болғанға  дейiн    кемiнде  бiр  жыл  оның  асырауында  

болған  жəне  онымен  бiрге  тұрған    еңбекке  жарамсыз  адамдар  заң    бойынша 

мұрагерлер қатарына  жатады. Басқа да заң бойынша  мұрагерлер болған кезде олар  

мұрагер  болуға  шақырылатын  кезектегi  мұрагерлермен  бiрге  мұра  алады.    Егер 

мұра  қалдырушымен  бiрге  тұрған-тұрмағандығына  қарамастан,  мұра  қалдырушы 

қайтыс  болғанға  дейiн  кем  дегенде  бiр  жыл  оның  асырауында  болса,  Азаматық 

Кодекстiң 1061-1066-баптарында  аталған  заң  бойынша  мұрагерлердiң  қатарына 

жататын,  бiрақ  мұрагерлiкке  шақырылатын  кезектегi  мұрагерлердiң  тобына 

кiрмейтiн  еңбекке  жарамсыз  адамдар,  осы  кезектегi  мұрагерлермен  бiрге  мұра 

алады.  Мұрагерлiкке  шақырылатын  адамдар,  басқа  да  заң  бойынша  мұрагерлер 

болған кезде мұраның төрттен бiрiнен аспайтын бөлiгiн мұраға алады.  



Мұрадағы  мiндеттi үлеске құқық    

 Мұра    қалдырушының  кəмелетке  толмаған    немесе  еңбекке  жарамсыз  балалары, 

сондай-ақ  оның  еңбекке  жарамсыз    жұбайы  мен  ата-анасы,  өсиеттiң    мазмұнына 

қарамастан, заң бойынша  мұрагерлiк кезiнде олардың əрқайсысына  тиесiлi болатын 

үлестiң  (мiндеттi  үлес)  кемінде  жартысын  мұраға    алады.  Мұндай  үлеске  құқығы  

бар  мұрагер  өсиет  бойынша    жəне  (немесе)  заң  бойынша  мұрадан    алатынның 

барлығы, оның iшiнде  əдеттегi үй жабдықтары мен  үй-iшi тұрмысында ұсталатын 

заттардан  тұратын мүлiктiң құны жəне  мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген  

өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi  үлеске есептеледi. Мұрадағы мiндеттi  үлеске 

құқығы бар мұрагер  үшiн өсиетте белгіленген кез  келген шектеулер мен жүктеулер  

өзіне ауысатын мұраның мiндеттi  үлесiнен асатын бөлігіне қатысты  ғана жарамды 

болады.  



Мұра  алу  кезiндегi  ерлi-зайыптылардың  құқықтары 


142 

 

 Ерлi-зайыптыларға    өсиетке  немесе  заңға  орай    тиесiлi  мұрагерлiк  құқықтың  мұра  



қалдырушымен  некеде  тұру  жағдайына    байланысты  оның  басқа  да  мүліктік  

құқықтарына, оның ішінде мүліктің  некеде тұрғанда бірге тапқан  бөлігіне меншiк 

құқығына  қатысы    жоқ.  Егер  мұра  қалдырушымен    неке  мұра  ашылғанға  дейiн  iс  

жүзінде тоқтатылғандығы жəне  ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға  дейін кемінде 

бес  жыл  бөлек    тұрғандығы  дəлелденсе,  сот  шешiмiмен    ерлi-зайыптылар  заң 

бойынша мұрагерлiктен  шеттетiлуi мүмкiн.  



  Өсиет  бойынша  мұрагерлік.  Азаматтың  ол  қайтыс  болған  жағдайда  өзіне  тиесілі  

мүлікке  билік  ету  жөнінде    өз  ықтиярын  білдіруі  өсиет  болып    танылады.  Азамат 

өзінің  барлық  мүлкін  немесе  оның  бір  бөлігін  заң  бойынша    мұрагерлер  тобына 

кіретін  де,  кірмейтін    де  бір  не  бірнеше  адамға,  сондай-ақ  заңды  тұлғаларға  жəне 

мемлекетке өсиет  етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі  жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет  

жасауға  жол  берілмейді.  Өсиет    қалдырушы  себебін  түсіндірместен  заң  бойынша 

мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан  айыруға құқылы. Егер 

өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді  мұрадан айыру оның ұсынылу 

құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына  қолданылмайды. 

   Мұра    қалдырушы  кез  келген  мүлік  туралы  өкімді  қамтитын  өсиет  жасауға 

құқылы.  Мұра  қалдырушы  жасалған  өсиеттің  оны    жасағаннан  кейін  кез  келген 

уақытта  күшін жоюға жəне өзгертуге ерікті жəне күшін жоюдың немесе өзгертудің 

себебін  көрсетуге  міндетті  емес.  Мұра  қалдырушының  өсиетте  өзі  мұрагер  етіп 

тағайындаған  адамдарға,  олар  қайтыс  болған  жағдайда  өз  кезегінде  өсиет  еткен 

мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет