Өсиеттің нысаны
Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда
жасалып, нотариатта куəландырылуға тиіс. Нотариатта куəландырылған өсиетттер;
нотариатта куəландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген
болып танылады. Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Егер өсиет
қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты
өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті
куəландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол
қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін.
Өсиетті жазу, оған қол қою немесе куəландыру кезінде куəлар қатысуға тиіс болған
жағдайларда:
-нотариус немесе өсиетті куəландыратын өзге адам;
143
-пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның
зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет
қалдырушының заң бойынша мұрагерлері;
-толық əрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар;
-сауатсыз жəне өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
-жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар куə бола алмайды, сондай-ақ
өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
Талап қойылған өсиет
Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi
бiр талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу
құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.
Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де
объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындалмайтын талаптар
мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi Азаматтық Кодекстiң 1061-1066-
баптарындағы тəртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң
бойынша бөлiнедi. Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi
өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.
Нотариатта куəландырылған өсиет
Нотариатта куəландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет
қалдырушының айтуымен куəның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс. Өсиет
қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған
техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер жəне т.б.) пайдалануы
мүмкiн. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол
қойылғанға дейiн нотариус пен куəның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық
оқып шығуға тиіс. Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе
сауатсыздығына байланысты өсиеттi өзi оқи алмайтын болса, ол үшiн оның мəтiнiн
нотариустың қатысуымен куə оқып бередi, ол туралы өсиет қалдырушының өсиеттi
өзi оқи алмауының себептерi көрсетiлiп, өсиетте тиiстi жазба жасалады. Егер
нотариат куəландырған өсиет куəның қатысуымен жасалса, өсиетте куəның тегi,
аты жəне тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге тиiс. Осындай мəлiметтер өсиетке
өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгiзілуi тиiс. Өсиет
қалдырушының тiлегi бойынша нотариус өсиеттiң мазмұнымен таныспай-ақ оны
144
куəландырады (құпия өсиет). Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупiмен,
өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға жəне қолы қойылуға, екi куəның жəне
нотариустың қатысуымен куəлар қол қоятын конвертке салынып, желiмденуге
тиiс. Куəлар қол қойған конверт куəлардың жəне нотариустың қатысуымен,
нотариус куəландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi. Нотариус
жоқ елдi мекендерде тұратын адамдардың өсиетiн заң актiлерiнде нотариат
əрекеттерiн жасауға уəкiлдiк берiлген лауазымды адамдар куəландырады.
Нотариата куəландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
Нотариатта куəландырылған өсиеттерге:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп
жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын
азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу
мекемелерiнiң бас дəрiгерлерi жəне кезекшi дəрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен
мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дəрiгерлерi куəландырған
өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде жəне басқа да əскери-емдеу мекемелерiнде
емделiп жатқан əскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың,
санаторийлердiң жəне басқа да əскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың
медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға жəне кезекшi дəрiгерлерi
куəландырған өсиеттерi;
3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе
iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары
куəландырған өсиеттерi;
4) барлау жəне басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың
бастықтары куəландырған өсиеттерi;
5) нотариустары жəне нотариат əрекеттерiн жасауа уəкiлдiк берiлген лауазымды
адамдары жоқ əскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, əскери-оқу
орындарының орналасқан мекендерiндегi əскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-
ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң
жəне əскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де əскери бөлiмдердiң,
құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары)
куəландырған өсиеттерi;
6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру
орындарының бастықтары куəландырған өсиеттерi теңестiрiледi. Жоғарыда бірінші
тізімде келтiрiлген лауазымды адамдар куəландырылған өсиеттiң бiр данасын
нотариат туралы заңдарға сəйкес нотариустың сақтауына беруге мiндеттi.
Өсиеттiң нотариатта куəландырылуы туралы талаптарды қоспағанда, мұндай
өсиеттердiң өзгелерiне тиiсiнше Азаматтық Кодекстiң 1051-бабының ережелерi
қолданылады.
145
Өсиеттiң күшiн жою жəне оны өзгерту
Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе
оны өзгертуге құқылы. Өсиеттiң күшi: 1)нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған
өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру; 2) жаңа өсиет жасау жолымен
жойылуы мүмкiн. Нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн
өзгерту туралы өтiнiш беру; бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн
жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн. Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы
толық немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде
соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |