ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет108/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Жүктеу:  Өсиет  қалдырушы  өсиет  бойынша  мұрагерге  қандай  да  болсын  əрекет 

жасау  немесе  кредит  беруші  ретінде  осы  міндетті  атқаруды  талап  ету  құқығын 

ешкімге  ұсынбастан  одан  тартыну  міндетін  жүктей  алады.Жалпыға  пайдалы 

мақсатты жүзеге асыру үшін осындай міндет мұра қалдырушы жүктелуі мүмкін. 



Өсиеттің орындалуы: 

Өсиет  қалдырушы  өсиетті  орындауды  мұрагер  болып  табылмайтын,өсиетте  өзі 

көрсеткен адамға,өсиет жүктелген өкілге тапсыра алады. Өсиетті орындаушы: 

-мұраны қорғауды жəне оны басқаруды жүзеге асыруға; 

-мұраның  өз  пайдасына  ашылуы  туралы  барлық  мұрагерлер  мен  бас 

тартылушыларды хабардар ету үшін мүмкін болған барлық шараларды қолдануға; 

-мұра қалдырушыға тиесілі ақша сомасын алуға; 

 

Заңды    мұрагерлік.  Заң  бойынша  мұрагерлер  кезделген  кезек  тəртібімен 

мұрагерлікке  шақырылады. 



Заң бойынша мұрагерлердің бірінші кезегі: 

Заң  бойынша  мұрагер  болу  құқығын  бірінші  кезекті  мұра  қалдырушының 

балалары,оның  ішінде  ол  қайтыс  болғаннан  кейін  тірі  туған  балалары,сондай-ақ 

мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы тең үлеспен алады. 



Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегі: 

Егер  бірінші  кезектегі  мұрагерлер  болмаса,заң  бойынша  мұрагер  болу  құқығын 

екінші  кезекте  мұра  қалдырушының  бір  екі,бір  шешеден  туған  жəне  əкесі  немесе 

шешесі  бөлек  аға-інілері  мен  апа-қарындастары  сондай-ақ  оның  əкесі  жағынан 

да,анасы жағынан да атасы мен əжесі –тең үлеспен алады. 

Заң бойынша мұрагерлерлің үшінші кезегі: 

Егер  бірінші  жəне  екінші  мұрагерлер  болмаса,заң  бойынша  мұрагер  болу  құқығын 

үшінші  кезекте  мұра  қалдырушының  əкесімен  бірге  туған  ағалары  мен 

апалары,нағашы  ағалары  мен  нағашы  апалары  тең  үлеспен  алады.  Мұра 

қалдырушының  немере  аға-інілері,апа-қарындастары  мұраны  ұсыны  құқығы 

бойынша алады. 



 Кейінгі кезектегі мұрагерлер: 

Егер  бірінші,екінші  жəне  үшінші  кезектегі  мұрагерлер  болмаса,заң  бойынша 

мұрагерлік  құқығын  мұра  қалдырушының  алдыңғы  кезектердегі  мұрагерлеріне 

жатпайтын,үшінші,төртінші  жəне  бесінші  туыстық  дəрежесіндегі  туыстары 




148 

 

алады.Туыстық дəрежесі туыстарды бір-бірінен сатылап алшақтататын туу санымен 



айқындалады.Мұра қалдырушының өзіне дүниеге келүі бұл қатарға жатпайды. 

Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік: 

Мұра  ашылғанға  дейін  немесе  мұра  қалдырушымен  бір  мезгілде  қайтыс  болған 

заңды мұрагердің үлесі көзделген жағдайларда ұсыну құқығы бойынша оның тиісті 

ұрпақтарына өтеді жəне олардың арасында тең бөлінеді. 



Мұра  қалдырушының  асырауындағы  еңбекке  жарамсыз  адамдар:.Егер  мұра 

қалдырушымен  бірге  тұрғандығына  немесе  тұрмағандығына  қарамастан,мұра 

қалдырушы  қайтыс  болғанға  дейін  кемінде  бір  жыл  оның  асырауында  болса,  заң 

бойынша  мұрагерлерге  жататын,мұраның  ашылу    күніне  дейін  еңбекке  жарамсыз 

болған,бірақ  мұрагерлікке  шақырылатын  кезектегі  мұрагерлердің  тобына  кірмейтін 

азаматтар заң бойынша осы кезектегі мұрагерлермен бірге жəне тең мұра алады. 



Мұрадағы міндетті үлеске құқық: 

Мұра 


қалдырушының 

кəмелетке 

толмаған 

немесе 


еңбекке 

жарамсыз 

балалары,сондай-ақ  оның  еңбекке  жарамсыз  жұбайы  мен  ата-анасы,өсиеттің 

мазмұнына  қарамастан,заң  бойынша  мұрагерлік  кезінде  олардың  əрқайсысына 

тиесілі болатын үлестің кемінде жартысын мұраға алады. 

Мұра алу кезіндегі ерлі-зайыптылардың құқықтары: 

Ерлі-зайптыларға  өсиетке  немесе  заңға  орай  тиесілі  мұрагерлік  құқықтың  мұра 

қалдырушымен  некеде  тұру  жағдайына  байланысты  оның  басқа  да  мүліктік 

құқықтарына,оның  ішінде  мүліктің  некеде  тұрғанда  бірге  тапқан  бөлігіне  меншік 

құқығына қатысы жоқ. 

Мұраны қорғау жəне заң бойынша мұрагерлік кезінде оны басқару: 

Мүліктің бір бөлігі өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы 

тағайындаған  өсиетті  орындаушы  мұраның  заң  бойынша  мұрагерлік  тəртібімен 

ауысатын  бөлігін  де  қоса  алғанда,барлық  мұраны  қорғауды  жəне  оны  басқаруды 

жүзеге асырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет