Мұраны қабылдау құқығының ауысуы(мұрагерлік трансмиссия):
Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны мұраның оған тиесілі
үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауысады.
Мұраға құқық туралы куəлік беру:
Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердің өтінішімен оған мұрагерлікке
құқық туралы куəлік беруге міндетті.
Мұрагерлікке құқық туралы куəлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен
кейін беріледі.
Мұрадан бас тарту құқығы:
Мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға
құқылы.Дəлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін,алайда
бұл екі айдан аспауға тиіс.
Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа арыз
беруімен жасалады.
Өсиеттік бас тартуды алудан бас тарту құқығы:
Бас тартылушы өсиеттік бас тартудан бас тартуға құқылы.Ішінара бас
тартуға,ескерту жасап,шарт қойып немесе басқа адамның пайдасына бас тартуға жол
берілмейді.
Мұраны бөлу:
Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлуді талап етуге
құқылы.
Мұраны бөлу мұрагерлердің келісімі бойынша оларға тиесілі үлестерге сəйкес ,ал
келісімге қол жетпеген кезде-сот тəртібімен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |