7.9 Мұрагерлік құқығының қайнар көздері
Мұрагерлік – өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Мұрагерлік
институтының қалыптасу тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге
жасалып, бірге дамып отырғанын байқаймыз. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам
кезеңінде, адамдардың қажеттіліктері қазіргі заманмен салыстырғанда өте
қарапайым болып жəне оны қанағаттандыру құралдарының жетімсіздігі əсерінен
болар, ол кезеңдерде əлі мұрагерлік деген түсінік қалыптастаған еді. Мүмкін, оны
мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар. Əрине, ол
заманда да аңшылық, балық аулау құралдары, жабайы аңдар терілері, үйді ұстауға
қажетті жабдықтар, т.б. адам өміріне қажетті құралдар əкеден балаға, рудан руға өтіп
отырған. Əкеден балаға мирас түсінігі, бəлкім, осыдан қалған болар.
Сонымен, мұндай жағдайда туындайтын қатынастар құқық нормаларымен емес,
ғасырлар бойғы дəстүрлермен реттелетін еді. Соған сəйкес, бұл қатынастарды жүзеге
асырылатын. Кейінірек шаруашылық мүліктері дамыған сайын, адамдардың
151
қатынастары күрделене келе, тайпалық қатынастар əлсіреген кезде қайтыс болған
адамның мүлкі кімге қалады, оған кім ие болады деген заңды сұрақ əркімнің
көкейінде тұратын болды. Осылайша қоғам əлеуметтік топтарға бөліне келе, жеке
меншік қалыптаса түсіп, осылармен бірге Мұрагерлік те пайда болып, дами берді.
Кейін келе мемлекеттің пайда болуына орай, əлеуметтік жіктелістің айқындала түсуі
меншіктің алуан түрлілігін тудырды.Оның айқын көрінісі, саяси биліктің ең жоғарғы
нысаны саналатын мемлекеттік тақ мұрагерлігінің пайда болуы дер едік. Тақ
мұрагерлігі əр елде, əр түрлі тарихи кезеңдерде əр түрлі аталғанымен сипаты
жағынан бəрі де монахриялық (əкеден балаға, ағадан ініге) дара билеуге саяды. Ал,
түбі бір түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихында ерте
заманнан бері мұрагерліктің əскери, əкімшілік, тайпалық, рулық, аумақтық, мүліктік
жəне рухани дəстүрлі жалғастығы немесе мұрагерлігі қалыптасқан болатын. Біздің
ата-бабаларымыз құрып, қалыптастырған үлкендікішілі мемлекеттерде мемлекет –
халық – əскер үштігінің бірлігі бұлжымас салттық дəстүрмен біте қайнасқан. Ру,
тайпаның əрбір мүшесі мемлекетті қорғауға, оның амандығын сақтауға міндетті
болумен бірге, өзін сол мемлекеттің толық құқықты мүшесі əрі «мұрагері» деп кəміл
сенетін. Мəселен, біздің этникалық тегіміз, прототүрік хұндар империясының
дəуірінде қалыптасқан мұрагерлік үрдісінен бір мысал келтірсек. Хұн тəңірқұты
Тұманның жарлығы бойынша соғыс майданында қаза болған сарбаздың сүйегін
далада қалдырмай, өз еліне алып келген əскерге марқұмның бала-шағасына, мал-
мүлкіне иелік ету құқығы берілгендігі Қытайдың «тарихнама» атты жазбасында атап
көрсетілген. Демек, біз бұдан мұрагерлік дəстүрінің мындаған жалдық тарихы бар
екенін аңғарамыз. Мұндағы назар аударарлық екі жағдайы атап өтелік: бірінші елден
шалғайда, жат жерде жорықта жүрген кез келген сарбаз ажал жетіп қаза болса,
сүйегі далада қалып, ит-құсқа жем болмайтынына, туған жерден топырақ
бұйыратынына нық сенімде болады. Екіншіден, майданда мерт болған боздақтың
артында қалған бала-шағасы бас иесіз қалмай, қамқоршысы болатынына сеніммен
жүре алады. Сөйтіп, əскер мен халық жəне мемлекетке біртұтас өмір сүруге кепілдік
берілгенін көреміз. Бұл жағдай қазақ халқының өмірінде де күні көріністе өз
жалғасын тауып келгендігі белгілі. Мұрагерліктен туындайтын қатынастар адам
өміріне етене жақын болғандықтан, қай дəуірде де өз жалғастығын тауып келген.
Мысалы, қазақтың көне халықтық тəжирибесінде мұраны бөлу жөнінде ертеден келе
жатқан мынадай бір аңыз бар. Бір адам үш баласына 17 жылқыны мұраға қалдырып,
дүние салады. Тұнғышына жартысын, ортаншысына үштен бірін өсиет еткен. Бұлар
үлестерін бөлісе алмай, дағдарып отырғанда бір арық атты жолушы кездеседі.
Жолаушы өз атын əлгі жалқыларға қосып, «Енді үлестерінді ала беріңдер», - дейді,
152
18 жылқыдан тұнғыш баласы 9, ортаншысы 6, кенжесі 2 жылқы алып, бітіседі.
Сөйтіп, жолаушының арық аты артық қалады. Мұнан көретініміз, өте ертеде-ақ мұра
жағдайы, оны бөлісу сияқты мəселелер қазақ халқында да кездесіп, қал-қадерінше
шешіліп отырған жылдың 22 мамырында кабылданғам «Об основных частных
имущественных правах, признаваемых РСФСР, охраняемых ее законами и защищаемых
судами РСФСР» деген декретте, егер мураның жалпы кұны 10000 алтын рубльден
аспайтын болса, мураны жубайының жəне тікелей ұрпақтарының заң бойынша жəне
есиет бойынша мурагерлік жолымен алу құқығы бекітіліп, əpi осы декрет негізінде
Азаматтық кодекстің мурагерлік құқық, белімінің ipгeci каланған болатын. Жоғарыда
атап өткеніміздей, солақай саясат дамуын шектеп келген мурагерлік институты, тек
1945 жылы ғана кеңірек тыныстауға мумкіндік алды. Осы жылдың 14 наурызында
қабылданған СССР Жоғарғы Кеңес Президиумының «О наследниках по закону и по
завещанию» деген Жарлығымен заң бойынша жəне есиет бойынша мурагерлерлік
құқығы едəуір кеңіді. Мұндағы демократиялық кағидалар кейіңірек Азаматтық кодексте
өз көрінісін тапты. Осындай нeбip бұралаң жолдардан өткен мұрагерлік құқығы тəуелсіз
Қазақстан заңдарында өзіне лайықты орынын алды деп есептейміз. Еліміздің құқық
жүйесінде мұpaгерлік құқығы азаматтық құқыктың үлкен бip бөлімі ретінде
бекітілген. Əpi, біздің республикадағы əрекеттегі заңдарға сəйкес, мураның
көлеміне шектеу жок. Мұрагерлік құқық катынастарының пайда болуының нeгізі мура.
Мұраның бірден-бір критерийі меншік. Еліміздің Ата заңы, Конституциямыздың 26-
бабының, 1-тармағында «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған
қандай да болсын мүлік жеке меншігінде ұстай алады» деп мүлікке жеке меншік нысанын
заңмен бекіткен. Осы аталған баптың 2-тармағында «меншік, оның ішінде мұрагерлік
құқығына заңмен кепілдік беріледі деп көрсетілген. Сонда, казіргідей адамзат
коғамы белгілі бip рухани, экономикалық даму кезеңіне жеткен дəірде мұрагерлік
адамзатқа не береді, оның маңызы неде деген заңды сұрақ туындайды. Иə,
мұpaгepлік институты өмірде мүліктік құқықтар мен міндеттер жиынтығы бар кезде
үлкен маңызға ие болары белгілі. Сөйтіп, мұрагерлік құқығы адамның
болашағының кепілі ретінде көрінеді. Қоғамның кез келген мүшесі өз емірінде
жинаған барлық материалдық жəне рухани құндылықтарының өмірден өткеннен кейін
ұрпақтарына қалуын қалаған сезімде өмip суретіндегі белгілі, ə pi сол үшін қызмет
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |