ҚҰҚЫҚ негіздері


 Құқықтың функцияларының түсінігі жəне түрлері



Pdf көрінісі
бет17/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 

 2.3 Құқықтың функцияларының түсінігі жəне түрлері. 

 Құқықтың  функциялары – бұл  құқықтың  қоғамдық  қатынастарды 

реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыттары. Құқықтың 

функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп 

қарастыруға болады: 

1)  сыртқы  жақ,  бұған  сəйкес  құқықтың  əлеуметтік  функциялары 

анықталады,  олар:  экономикалық  (құқық  өндірістік  қатынас-тарды  реттейді, 

меншік  нысанын  бекітеді  жəне  т.б.),  саяси  (құқық  саяси  қатынастарды,  саяси 

жүйе субъектілерінің қызметін реттей-ді жəне т.б.), тəрбиелік (құқық белгілі бір 

идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық əсер етеді жəне т.б.) 

функциялар. 

2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар – реттеуші жəне 

қорғаушы функциялар. 

Реттеуші  функция – бұл  позитивтік  жүріс-тұрыс  ережелерін 

орнықтырудан,  қоғамның,  мемлекеттің,  тұлғаның  мүдделеріне  сəйкес 

қатынастарды  дамытуға  жəрдем  беру  мақсатында  құқық  субъектілеріне 

субъективтік  құқықтар  беруден  жəне  заңды  мін-деттер  жүктеуден  көрініс 

табатын, құқықтық əсер етудің əлеу-меттік мақсатпен байланысты бағыты. 

Бұл  функцияның  шеңберінде  оның  екі  түрін  бөліп  қарастырады: 

реттеуші статистикалық жəне реттеуші динамикалық функциялар. 

Реттеуші  статистикалық  функция - құқықтың  қоғамдық  қатынастарға 

оларды  белгілі  бір  құқықтық  институттарда  бекіту  жолымен  əсер  етуінен 




37 

 

көрінеді.  Статистикалық  функцияны  жүзеге  асыруда  конституцияда  бекітілген 



саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мəнге ие. 

Реттеуші  динамикалық  функция - құқықтың  қоғамдық  қатынастарға 

құқық  субъектілерінің  белсенді  жүріс-тұрысын  қамтамасыз  ету  жолымен  əсер 

етуінен  көрінеді.  Ол  азаматтық,  əкімшілік,  еңбек  құқығының  институттарынан 

көрініс табады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет