2.2 Құқық ұғымының мəні
Құқық ұғымының көптеген мəні бар. Ол заң ғылымында жəне күнделікті
өмірде қолданылады. Кең мағыналық түсінік болғандықтан əрбір адамда қ
ұқықтың мəні туралы қандай да бір пікір қалыптасады.
Заң ғылымында қ. бірнеше мағынада қолданылады:
1. Құқық заң ғылымында оқу пəнінің атауын білдіретін ұғым ретінде
қолданылады (азаматтық құқық, конституциялық құқық);
2. Құқық деген ресми түрде танылған жеке жəне заңды тұлғалардың заңға
сүйене отырып, əрекет жасау мүмкіндігі (білім алу, еңбек ету құқығы). Осы
жағдайда құқық субъективтік мағынада қолданылады;
3. Құқық мемлекетпен байланысты жəне мінез құлық ережелерінен
тұратын жүйе ретінде түсіндіріледі (нормативтік акті, заңдар, кодекс). Осы
жағдайда құқық объективтік мағынада қолданылады;
4. Құқық объективтік жəне субъективтік құқықтың жиынтығы ретінде
қолданылады (құқық жүйесі).
Құқық теориясы көбінесе объективтік мағынада қарастырады. Оған
сəйкес:
Құқық – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған, қоғамның мүддесін
білдіретін, м. бекіткен жəне қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды
реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жүйесі.
Құқықтық объективтік жəне субъективтік мағыналардың біріктіріле
түсінілетіндігі де жоққа шығарылмайды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі
категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет
белгілеп,
мақұлдаған
жалпыға
міндетті
мінез-құлық
ережелерінің
(нормалардың) жиынтығы. [7]. Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи
қалыптасты жəне ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік –
жігері мен мүдделерін білдірді. Егер əдет – ғұрыптар адамдардың сана –
сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мəлім жазбаша түрде ресімделе
бастады. Құқықтың пайда болуы - əлеуметтік байланыстардың күрделенуінің
салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу. Құқық – бұл
мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын жəне қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальді анықталған
құқық нормаларының жүйесі.
35
Құқықтың мынадай белгілері бар:
1. Ерікті сипаты ;
2. Жалпыға міндеттілігі;
3. Нормативтілігі;
4. Мемлекетпен байланысы;
5. Формальді анықтылығы;
6. Жүйелілігі.
Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет, мақсаты - нормативті тəртіпте
қоғамда бостандықты қамтамасыз ету жəне кепіл болу, əділеттілікті нығайту,
қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық жəне
рухани факторлардың əрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.
Құқықтың құндылығы – бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың əлеуметтік
əділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру
мақсатындағы жəне құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мəні –
мəдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті
негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы
жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Құқықтың мəнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды:
формальді жəне мазмұнды. Объективті құқық – бұл мемлекет белгілеген,
қамтамасыз ететін, кепіл болатын жəне қоғамдық қатынастарды реттеуге
бағытталған жалпыға міндетті, формальді анықталған құқық нормаларының
жүйесі. Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің
заңнама, құқықтық əдет – ғұрыптар, заң преценденттері жəне нормативті
шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана – сезімне байланысты
еместігімен жəне оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.
Субъективті құқық – бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға
арналған заңды мүмкін болатын мінез – құлықтарының өлшемі. Субъективті
құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға
құқық
жəне
т.с.). [6]. Ол
субъективтілігі
субъектімен
тікелей
байланыстылығымен жəне оған тиістілігімен жəне оның сана – сезіміне, ерік –
жігеріне тəуелдігімен түсіндіріледі. Құқықтың заңды мағынасындағы мəнімен
қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық,
бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын
құқықтар қандай – да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне
байланыссыз өмір сүре береді, жəне де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей
туындайды. Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан
(объективті,субъективті) басқа позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда жəне
басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады. Құқықтың пайда
болуынан бастап жəне оның даму барысында оның қарама – қарсы жəне де
сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды.
36
Көпшілік (бұқаралық) құқық – бұл мемлекеттік істер облысы, яғни
мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық
көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына,
субординация қатынастарына орнатылған.
Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің
заңды теңдігіне, олардың бір – біріне бағынбаушылық бастауларына
негізделген жеке бастың ерікті мəртебелерінің облысы. Құқық қоғамдық
қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде – құқықтың мемлекетпен тығыз
байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады. Құқықты түсіндірудегі қазіргі
уақыттағы тəсілдер: нормативті тəсіл, табиғи – құқықтық тəсіл, теологиялық,
құқықтық – тарихи, психологиялық, əлеуметтік жəне т.б. Құқық қағидасы – бұл
құқықты арнайы əлеуметтік реттеуші ретіндегі мəнін білдіретін негізгі, алғашқы
бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар. [4].
Таралу аясына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық жəне салалық
қағидалар болып бөлінеді. Құқық функциялары – бұл құқықтың қоғамдық
қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.
Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тəрбиелік)
жəне ішкі (реттеуші жəне қорғаушы).
Достарыңызбен бөлісу: |