250
құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін жəне оларға қосымша
міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.
Бірақ бұл шаралар төтенше жағдайды енгізуге негіз болған жағдай шеңберінде
ғана жүзеге асырылуы тиіс. 2003 жылы 8 ақпанындағы «Төтенше жағдайлар
туралы» ҚР заңына сəйкес төтенше жағдайды енгізуге келесілер негіз болады:
1)шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай
өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге
ұмтылу; терроризм актілері; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза
отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға
бағытталған iс-əрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа
мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-əрекеттер; Қазақстан
Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тəртiпсiздiктер, ұлтаралық
жəне конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi,
аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз əскери
құралымдар құру жəне олардың қызметi;
2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны жəне басқалар),
дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер,
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен жəне
зиянкестермен зақымдалуы, өнеркəсiптiк, көлiктiк жəне басқа авариялар, өрттер
(жарылыстар), күштi əсер ететiн улы, радиоактивтi жəне биологиялық қауiптi
заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың
кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн
электрэнергетикалық
жəне
коммуникациялық
жүйелердегi,
тазарту
құрылғыларындағы
авариялар
себеп
болған
жəне
жағдайды
дереу
тұрақтандыруды, құқық тəртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару жəне
авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап
ететiн табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар.
Төтенше
жағдай орын алған жағдайды басқа əдістермен қалпына келтіру не тұрақтандыру
мүмкін болмаған уақыттарда енгізілетін шара болып табылады. Республиканың
демократиялық институттарына, оның тəуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына,
саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi жəне тiкелей қатер
төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi
бұзылған
ретте,
Премьер-Министрмен
жəне
Республика
Парламентi
Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Республика
Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында жəне оның
жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгізеді. Төтенше жағдай Қазақстан
Республикасының аумағында 30 күн мерзімге, жекелеген аймақтарда 60 күн
мерзімге дейін енгізіледі, ал төтенше жағдай енгізілу себептері жойылған
жағдайларда ҚР Президенті мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін. Белгіленген
мерзімдер ҚР Президентінің Қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
Төтенше жағдай енгізу уақытында оны негізуге себеп болған жағдайларды
251
жоюға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысын қорғауға бағытталған шаралар кешені енгізілуі мүмкін.
Соғыс жағдайы төтенше əкімшілік-құқықтық режимдердің бірі болып
табылады. Соғыс жағдайы енгізудің негіздері мен тəртібі «Соғыс жағдайы
туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы Заңымен
ерттеледі. Заңға сəйкес соғыс əскери жағдайы – Қазақстан Республикасына қарсы
агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға
немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық,
əкiмшiлiк, əскери жəне өзге де шаралар кешенiн көздейтiн жəне Қазақстан
Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның
жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим болып табылады. Соғыс
жағдайын енгізудің мақсаты Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның
жолын кесу немесе оған тойтарыс беру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: